Патологоанотомиялық ашып қарауды жүргізу тәртібі туралы мәселе талқыланды.
2019 жылы 19 ақпанда "Ақжайық – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы мен қызметкерлері ҚР ӘМ "Сот сараптамасы орталығы" РМҚК БҚО бойынша сот сараптамасы институты басшысының орынбасары Б. Бисембаевпен және сот-медициналық сараптама дәрігерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында осы РМК қызметі туралы, Сот медицинасы саласында сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын сот сарапшыларының жүктемелері туралы, патологоанотомиялық ашып қарауды жүргізу тәртібі туралы мәселелер талқыланды.
РМК негізгі проблемалары кадрлардың кетуі (төмен жалақы) және сот-медициналық сараптама дәрігерлерінің көп жүктемесі болып табылады.
Орталықта 3 сот-медициналық сараптама дәрігері жұмыс істейді. Олар жылына 1008 денені ашу бойынша медициналық сараптама жүргізді. Бір патологоанатомға 100 дененің жүктелу нормасы кезінде жылына 336 мәйіттерді ашу іс жүзінде жүргізілген.
Сот-медициналық сараптамаға мәйіттерді ашуға дифференцияланбаған жолдама сот-медициналық сараптама дәрігерлерінің жүктелуінің негізгі себебі болып табылады.
Орталық қызметкерлері сот-медициналық сараптаманы Әділет министрлігінің қарауына беру олардың жұмысына теріс әсер етті деп санайды. Бұған дейін бұл қызмет ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесінде болған.
Бүгінгі күні Батыс Қазақстан облысы бойынша жеке сот-медициналық сарапшылар жоқ.
Жүргізілген талдаудың қорытындысы бойынша патологоанотомиялық ашу жүргізуге құқылы медициналық ұйымдарға мыналар ұсынылды:
1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында патологоанотомиялық ашу негіздері мен өткізу тәртібі туралы халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
2. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында мәйіттерді ашу үшін сот медициналық сараптамасына жіберудің сараланған тәсілін түсіндіру бойынша іс-шараларды тұрақты негізде өткізу.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, міндетті түрде ашусыз мәйіттерді көмудің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында заңнамалық деңгейде сот-медициналық сараптаманы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесіне беру мүмкіндігін қарастыруды және БҚО бойынша сот сараптамасы институтының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы" қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу жүйесін қайта қарастыруды ұсынамыз.
