Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Ақжайық-адалдық алаңы» жобасының мақсаттары мен бағыттары нақтыланды

2019 жылдың 22 ақпанында Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде өңір басшысы Алтай Көлгіновтің төрағалығымен облыстың аудан әкімдіктерінің «Ақжайық-адалдық алаңы» жобалық кеңсе қызметкерлерінің қатысумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша аймақтық комиссияның отырысы өтті.

Отырыста «Ақжайық-адалдық алаңы» жобасы аясында атқарылып жатырған жұмыстар және сыбайлас жемқорлықты болдырмауға бағытталған тың жобалар мен ұсыныстар, мемлекеттік сатып алулар өткізу кезіндегі заң бұзушылықтардың алдын алу туралы мәселелер қаралды.

Жиында «Ақжайық-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы А.Салиева аясында облысымызда атқарылған жұмыстар туралы және бекітілген жоспарға сәйкес атқарылатын жұмыстар туралы баяндады.

«Ақжайық-адалдық алаңы» жобасының шеңберінде «Пара беру – сатқындық» ауқымды акциясының басталғандығы туралы хабарланды. Акцияның мақсаты жүргізушілермен полиция қызметкерлеріне пара беру фактілерін болдырмау.

Өңір басшысы мектептер мен бала-бақшалардағы балаларды ыстық тамақпен қамту мәселесінде де түйіткілдер көп екендігін айтты. Бастауыш сынып оқушылары және аз қамтылған отбасының балаларына тамақ жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен берілетіндіктен, пайда табуды көздеген кәсіпкерлер өздеріне жүктелген жұмыстың жауапкершілігін сезінуі және мектеп басшылығы мен ата-аналардың қатаң қадағалауында болуы қажет екенін жеткізді.

Сонымен қатар қала және аудан әкімдеріне «Ақжайық - адалдық алаңы» жобасы аясында балаларды ыстық тамақпен қамту жүйесін жаңартуға бағытталған ұсыныстар дайындауды тапсырды.

1
0
1319

Осы тақырып бойынша