Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«ҚР Үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы жөнінде

2019 жылдың 11 сәуірде Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә.Исақов БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.

Брифинг барысында спикер облыстағы мемлекеттік қызметтің кадр жағдайы мен «Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы жөнінде айтып өтті.

2019 жылдың 5 сәуірде «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы жарияланғандығын айтып өтті.

Конкурстың мақсаты – Мемлекеттік қызметтің беделін көтеру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибелерін тарату, үздік кәсіби білімі мен дағдылары бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін анықтау және ынталандыру, олардың уәждемелік жүйесін жетілдіру.

Конкурсқа қатысуға әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ, сонымен қатар мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес мемлекеттік қызметшілер жіберіледі.

Үміткер мемлекеттік орган (жұмыс беруші) арқылы немесе өздігінен құжат тапсыруға құқылы.

Конкурс екі кезеңнен тұрады.

I кезең – өңірлік (облыстық) деңгей.

І кезең келесіден тұрады:

1) құжаттарды жинау (өтініш, сауалнама, уәждемелік эссе, қызметтік тізім, фотосурет (іскерлік стильде, jpeg форматында)) және толық толтыруын тексеру;

2) кандидаттардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуін тестілеу;

3) кандидаттардың жеке жобаларын презентациялау (StartUp).

Уәждемелік эсседе кәсіби қызметіндегі үміткердің негізгі жеке жетістіктері, өзінің қызмет аясындағы мәселелерді шешудегі, мемлекеттік органмен оған жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыру процессіндегі жеке үлесі, сондай-ақ іске асырылған жобалардың тізімі (бар болған жағдайда) дәйектеліп жазылуы тиіс.

Конкурсқа құжаттарды қабылдау және оларды тексеру 2019 жылдың 5 мамырына дейін жүргізіледі.

II кезең – республикалық деңгей.

Республикалық конкурстық комиссия ҚР Президенті Әкімшілігімен айқындалады.

Аталған кезеңде үміткерлер жеке жобалық жұмыс ұсынады. Жобалық жұмыста мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша жаңарту ұсыныстары болуы тиіс, аталған ұсыныстардың экономикалық немесе әлеуметтік әсері көрсетілуі қажет. Қорғау барысында жобаның мәні мен мақсатын, сонымен қатар іске асыру жолындағы мәселелерімен, іске асыру деңгейін және күтілетін нәтижелерін ашу қажет.

Конкурс нәтижелері мен жеңімпаздар 23 маусым – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметші күніне орайластырылады.

0
0
396

Осы тақырып бойынша