Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы

2019 жылы 10 сәуірде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Г.Ж. Кайрлиева Сарыкөл а. «ХҚКО» басшысының, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ филиалы басшысының қатысуымен Сарыкөл а. ХҚКО қызметкерлері үшін «Зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға құжаттарды қабылдау» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Құжаттарды беру тәртібіне, құжаттарды қабылдауда бас тарту себептеріне, қызмет көрсетуде бас тарту себептеріне қатысты мәселелер талқыланды.

Барлық сұрақтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес ХҚКО мамандарына жауаптар берілді.

0
0
201

Осы тақырып бойынша

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы - Yvision.kz