Құтты болсын 60 жас - Ғалия Ниязқызы (Ескелдинова) Ақбасова
Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады.Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес. Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында- Ғалия Ниязқызы адамның жадында ұзақ сақталып, ерекше көңіл-күйге бөлейтін, үлкен жауапкершілікті артатын тарихи сәт ол- тұңғыш Президентпен алғашқы рет кездесуіңіз еді. Сол сәтті туралы әңгімелесеңіз.- Елбасымен жүздескен сәттен ой-толғау (Алматы облысы «Кербұлақ жұлдызы» газеті 20 сәуір 2001 жыл) Мұғалімдердің республикалық басқосуына біздің ауданнан екі мұғалім аттандық. Ауданымыздың бетке ұстар азаматы, жарты ғасыр өмірін бала тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаз – Хметжан Ақбербаев аға және мен. Съезд туралы түрлі ақпарат құралдарынан оқып, көріп, біліп жатырсы…