Тікелей эфирде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа әдістері талқыланды
2019 жылдың 10 сәуірде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары А.С.Жұбаныш «ТДК-42» телеарнасының «Шындықпен бетпе-бет» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты.
А.С.Жұбаныш тікелей эфир кезінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша Департаментпен атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталды.
Сондай-ақ, ол «Ақжайық-адалдық алаңы», «Саналы ұрпақ» және «Protecting business and Investments» жобаларының негізгі бағыттары мен міндеттерін айқындады.
