Мазмұнға өту

Жаңа

Азаматтардың 100 ден аса ұсынысы ішкі істер органдарындағы жемқорлыққа қарсы шаралар Жоспарына енді

Ведомство бұл жұмыстарды азаматтық қоғаммен белсенді байланыс орната отырып, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірге жүргізеді. Ынтымақтастықтың басты мақсаты – ІІМ-де жемқорлықты төмендету және халықтың сенімін арттыру. Бүгін ІІМ-гі мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшылығы, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуде ішкі істер министрлігі Жол картасы негізінде қоғамдастық және ведомстволар әзірлеген ішкі істер органдарындағы жемқорлықпен күрестің үшжақты Жоспары таныстырылды. Ағымдағы жылғы 20 мамырда жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өткен кеңесте Президент бірнеше нақты міндеттерді алға қойды, бұл бағыттағы жұмыстарды түбегейлі өзгертуді тапсырған болатын. Ішкі іст…

0
0
428

Қазақстанда Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін әзірлейді

Қазақстанда Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін әзірлейдіБолжамдау және экономика үшін қажет кадрларға сұранысты қалыптастыру үшін құрылған Еңбек ресурстарын ұлттық болжамдау жүйесі Қазақстанда 2019 жылдың соңына дейін әзірленетін болады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы Бердібек Сапарбаев 28 мамырда Үкімет отырысында мәлімдеді.«2019 жылдың соңына дейін еңбек нарығында кадрларға қажеттілік болжамын шешу үшін Еңбек ресурстарын ұлттық болжамдау жүйесі құрылатын болады», - деді Б.Сапарбаев.Сонымен қатар, ол ұлттық жүйенің басты міндеті - еңбек нарығында еңбек ресурстарының ұсыныстарын болжамдау және экономика үшін қажет кадрларға сұранысты қалыптастыру.«Ұлттық болжамдау жүйесі 2050 жылға дейінгі демографиялық модель, еңбек нарығының 2025 жылға…

0
0
364

Ішкі туризмді одан әрі ынталандыру – басты мақсат

Отандық батыс өңірдің туристік компаниялары Алматы қаласы мен облысының туристік потенциалымен танысты, деп хабарлайды silteme.kz.Ішкі туризмді одан әрі ынталандыру және өңірлердің туристік потенциалын көрсету мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Kazakh Tourism» АҚ ұлттық компаниясы ақпараттық тур циклін өткізуде.Ақпараттық турдың алғашқы кезеңінде еліміздің батыстық 4 өңірі туроператорларынан құралған топ республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және ШҚО, Ақмола, Алматы және Түркістан облыстарының туристік нысандарымен танысуда.24 мамыр күні ақпараттық тур қатысушылары Алматы қаласына келді. Қалалық туризм басқармасы және жергілікті туристік қоғамдастықтармен ұйымдастыруымен тур қонақтары «Visit Almaty» туристік хабы, Шымбұлақ тау-шаңғы…

0
0
576

ҚазҰУ студенттері "АНА ҮЙІ" қоғамдық қорына көмек көрсетті

Жақсылық жасау үшін сіз міндетті түрде бай, ақшасы көп адам болуыңыз қажет емес. Бастысы, сіздің тілек- ниетіңізде деп ойлаймын. Қазіргі уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған, көңілдерін шер, қабақтарын мұң басқан, қайырымды адамдардан мейірімділік, алақандарынан жылулық сезімін күтетін жандарды күнделікті өмірде жиі кездестіреміз. Бүгін сол қамқорлыққа мұқтаж болған "Аналар үйі" қоғамдық қорында болып қайттық. Аналарымыздың күліп жүргені, қуанғаны жақын жандарға, өзінің балалары мен ер азаматына қаншалықты күш қуат беретінін білесіздер ме?! Ана күлкісі- ол бір баға жетпес,сарқылмас энергия. Мұғалімді де, алыпты да, ақынды да дүниеге алып келген аналар. Осы арада айта кететін жайт "Аналар үйі" ер азаматтардың қара күш, төгілген тер мен еңбектеріне мұқтаж.Соған орай 8 наурыз Халықар…

0
0
476

ІІМ полицейлерді оқуға қабылдауды және оқытуды жаңа форматта жүргізеді

Осыған байланысты, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ІІМ оқу орындарының басшылары және ІІМ-нің жетекші қызметтерімен кездескенде ведомстволық білім беру саласына реформа жүргізу барысын талқылады.Ол бұл салада қазірдің өзінде нақты істер атқарылғанын атап өтті. Білім беру жүйесі оңтайландырылып, 6 оқу орталығы қысқартылды. Қазіргі уақытта полицейлерді дайындау Алматы, Қарағанды және Қостанай академиялары, Ақтөбе заң институты мен Шымкент оқу орталығында жүргізіледі.ІІМ сонымен бірге бакалавриат бағдарламасы бойынша дайындаудан бас тартып отыр. Қарағанды академиясында ғана бұл бағдарлама сақталып қалды. «Елімізде заңгерлік білім беретін жоғары оқу орындары жеткілікті. Біз жастарды осы оқу орындарынан алып, әрі қарай мамандандырылған курстарда дайындаймыз, – деп мәлімдеді министрліктің…

0
1
604

Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларын жүзеге асыру мәселелері қаралды

Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларын жүзеге асыру мәселелері қаралдыҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Елбасының «Әлеуметік қамқорлық» әлеуметтік шараларын жүзеге асыру бойынша селекторлық кеңес өткізді.Кеңеске Әділет, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің, ҚР ІІМ Көші-қон қызметінің өкілдері қатысты. Сондай-ақ бейнеконференция режимінде облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.«Елбасының тапсырмасы бойынша 1 сәуірден бастап жаңа әлеуметтік саясат аясындағы шаралар жүзеге асырылуда. 25-мамырдағы жағдай бойынша, 185 мың отбасыға жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек төленді», - деді Б. Сапарбаев кеңесті аша отырып.Еңбек министрлігінде АӘК тағайындауымен қатар…

0
0
367

Еңбек министрлігі, Қарағанды облысының әкімдігі және «Қазақмыс» меморандумға қол қойды

Еңбек министрлігі, Қарағанды облысының әкімдігі және «Қазақмыс» көпбалалы отбасыларды пәтермен қамтамасыз ету жөніндегі меморандумға қол қойдыҚарағанды облысында алдағы уақытта 120 отбасы қоныс тойын тойлайды. Бұл ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қарағанды облысының әкімдігі және «Қазақмыс Холдинг» ЖШС арасында құрылған үшжақтық меморандум аясында мүмкін болып отыр. Аталмыш құжатқа министр Бердібек Сапарбаев, облыс әкімі Ерлан Қошанов және компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай қол қойды.«Қазақмыс» өзінің көпбалалы отбасы болып табылатын қызметкерлерін, сондай-ақ аз қамтылған қызметкерлер мен жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етеді. Компания әлеуметтік жауапкершілігі принципін қолдап, олар үшін 120 пәтер сатып алуға міндетін мойнына алып отыр. Оның…

0
0
409

Оңтүстіктің қонақжайлығы мен асханасы туралы

Оңтүстіктің қонақжайлығы мен асханасы! Халқымыздың қонақжайлығы туралы баяғыдан айтылып жүр, бәріміз де ол жөнінде білеміз. Расында, қонақжайлығымыз керемет. Тек, бір нәрсе кемшін түсіп жатады. Ол – қонақжайлылығымызды монетизацияға айналдыра алмай жүрміз, мәселен, грузин асханасы керемет, қонақжайлығы да белгілі, олар қонақжайлығын көрсету арқылы туристерге қызмет көрсетіп, қаражат та тауып жатыр. Ал, туристке одан басқа не керек? Еліміздің әр өңірінде ас әзірлеуде аздаған өзгерістер болуы мүмкін, бірақ, жалпы ұлттық асханамыз бір болуы тиіс деп ойлаймын. Мысалы, батыстағы балықтан жасалған ас тағамы қандай керемет болса, солтүстіктегі пісірілген ет тағамы тіпті ғажап, ал, өңтүстіктегі қозықұйрықты жеп көрдіңіз бе? Міне, осы тағамдарымызды, әсіресе ұмытыла бастаған тағамдарымызды қалпына…

0
0
1246

Аппақ Ишан мешіті туралы

Сапарымыздың екінші күні жол түскен елді мекендердің бірі - Түркістан облысы Бәйдібек ауданының орталығы Шаян кенті болды. Жалпы, Түркістан облысында білуімше 1600 тарихи-мәдени нысан бар екен, республикадағы ескі нысандардың көпшілігі де оңтүстік өңірде орналасқан. Мәселен, ЮНЕСКО тізіміне енгізілген Қожа Ахмет Йассауи мавзолейінен кейінгі маған өте ұнаған кешен - ол Аппақ ишан сәулет кешені болды. Дәл осындай деңгейдегі ерекше құрылысты бірінші рет көруім және оның үш ғасыр аралығында сақталып қалуы керемет құбылыс емес пе?! Кешен мешіттен, медреседен және дәрісханадан тұрады. Ендеше, Аппақ ишан сәулет кешені туралы дерек бере кетейін. Аппақ ишан кешені туралы айтқан кезде әрине Аппақ ишанның өзі туралы баяндау қажет. 1850 жылы Түркістан қаласынан ағайынды Қосым және Құлатай ишандар Шая…

3
2
4253

АӘК-ті тағайындау мәселесі Департаменттің бақылауында!

АӘК-ті тағайындау мәселесі Департаменттің бақылауында!Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларын іске асыру шеңберінде а.ж. 1 сәуірден бастап жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құжаттарды қабылдау жүргізілуде. Өтініштерді жұмыспен қамту орталықтары мен ауылдық әкімдіктерде қабылдайды.Егер Сіз АӘК-ті алуға жүгінген кезде заңсыз бас тартумен немесе АӘК-ті ресімдеуде ұзаққа созумен тап болсаңыз, онда мына телефон: 54-08-43 Сатаева Айнұр Қанапияқызы – әлеуметтік мәселелер жөніндегі басшысының орынбасары, 50-37-47 департаменттің сенім телефоны арқылы хабарласа аласыз.Вопрос назначения АСП на контроле Департамента!В рамках реализации социальных мер Елбасы «Әлеуметтік қамқорлық» с 1 апреля т.г. ведется приём документов на получение обновленной адресной социальной помощи (…

0
0
336