Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстанда Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін әзірлейді

Қазақстанда Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін әзірлейді

Болжамдау және экономика үшін қажет кадрларға сұранысты қалыптастыру үшін құрылған Еңбек ресурстарын ұлттық болжамдау жүйесі Қазақстанда 2019 жылдың соңына дейін әзірленетін болады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы Бердібек Сапарбаев 28 мамырда Үкімет отырысында мәлімдеді.

«2019 жылдың соңына дейін еңбек нарығында кадрларға қажеттілік болжамын шешу үшін Еңбек ресурстарын ұлттық болжамдау жүйесі құрылатын болады», - деді Б.Сапарбаев.

Сонымен қатар, ол ұлттық жүйенің басты міндеті - еңбек нарығында еңбек ресурстарының ұсыныстарын болжамдау және экономика үшін қажет кадрларға сұранысты қалыптастыру.

«Ұлттық болжамдау жүйесі 2050 жылға дейінгі демографиялық модель, еңбек нарығының 2025 жылға дейінгі макроэкономикалық моделі және алдағы екі жылға қысқа мерзімді болжам негізінде үш деңгейлі әдістемеде құрылады» , - деп түсіндірді Еңбек министрі.

Ұлттық болжамдау жүйесінің нәтижелері техникалық және кәсіптік, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру кезінде қысқа мерзімді даярлау және қайта даярлау ұйымдарында пайдаланатын болады деп болжануда.

Сонымен қатар, біліктілік жүйесін одан әрі дамыту үшін Министрлік халықаралық сарапшыларды тарта отырып, Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөніндегі 2025 жылға дейінгі жол картасын әзірлеуде.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев ағымдағы жылғы 17 мамырда Үкіметтің алдына мемлекеттің жұмыспен қамту саясатын іске асыру бойынша жеті негізгі міндеттер қойды. Міндеттердің бірі елдің экономикасын құзіреттілік пен ұтқырлықтың жоғары деңгейін меңгерген білікті мамандармен қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстанда 8 біліктілік деңгейін айқындайтын Ұлттық біліктілік шеңбері қабылданды. 2018 жылғы қаңтардан бастап жан-жақты толықтырылған жаңа кәсіптер классификаторы қолданысқа енгізілді, онда 12 мың кәсіп пен лауазым қамтылған.

Қазіргі уақытта 106 кәсіптік стандарт әзірленді (2016 ж. – 36, 2018 ж. - 70), оларда жұмыс берушілер жұмыскерлердің біліміне, дағдылары мен құзыретіне қоятын талаптары көрсетілген. Ағымдағы жылы 12 басым сала бойынша 480 кәсіптік стандарт пен 38 салалық шеңберді әзірлеу және бекіту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Министр сертификаттау және біліктілікті танудың бірыңғай жүйесіне өту үшін басқарудың 3 сатылы моделін енгізу жоспарланып отырғандығын хабарлады: Біліктілік жөніндегі ұлттық кеңес – Ұлттық біліктілік органы – салалық кеңестер.

Ол сондай-ақ, сертификаттау және біліктілікті тану жүйесінің жұмыс істеуі үшін жауапкершілік Ұлттық біліктілік органына жүктелетінін атап өтті.

«Министрлік қойылған мақсатқа жыл соңына дейін жету үшін мемлекеттік органдармен және Ұлттық палатамен бірге кәсіптік біліктілік жөніндегі заң жобасының тұжырымдамасын әзірлейді», - деді Б. Сапарбаев.

Национальную систему прогнозирования трудовых ресурсов разрабатывают в Казахстане

Национальная система прогнозирования трудовых ресурсов, созданная для прогнозированная и формирования спроса на востребованные для экономики кадры, будет разработана в Казахстане до конца 2019 года. Об этом сообщил глава Министерства труда и социальной защиты населения РК Бердибек Сапарбаев на заседании Правительства во вторник, 28 мая.

«Для решения прогноза потребности рынка труда в кадрах до конца 2019 года будет сформирована Национальная система прогнозирования трудовых ресурсов», - сказал Б.Сапарбаев.

При этом он отметил, что главная задача Национальной системы – прогнозирование предложения трудовых ресурсов на рынке труда и формирование спроса на востребованные для экономики кадры.

«Национальная система прогнозирования базируется на трехуровневой методике на основе демографической модели до 2050 года, макроэкономической модели рынка труда до 2025 года и краткосрочного прогноза на предстоящие два года», - пояснил глава Минтруда.

Предполагается, что результаты национальной системы прогнозирования будут использованы в организации краткосрочной подготовки и переподготовки, при формировании государственного образовательного заказа на подготовку специалистов техническим и профессиональным, а также с высшим и послевузовским образованием.

Кроме того, Министерством с привлечением международных экспертов разрабатывается Дорожная карта по развитию Национальной системы квалификации до 2025 года.

Президент Республики Казахстан К. К. Токаев 17 мая текущего года поставил перед Правительством семь основных задач по реализации государственной политики занятости. Одной из задач является обеспечение экономики страны квалифицированными кадрами, обладающими высоким уровнем компетенции и мобильности.

В Казахстане принята Национальная рамка квалификаций, определяющая 8 уровней квалификаций. Также с января 2018 года введен в действие новый более детализированный классификатор занятий, который содержит 12 тысяч профессий и должностей.

В настоящее время разработано 106 профстандартов (в 2016 году – 36, в 2018 году - 70), в которых отражены требования работодателей к знаниям, навыкам и компетенциям работников. В текущем году планируется разработать и принять 480 профстандартов и 38 отраслевых рамок квалификаций по 12 приоритетным отраслям.

Кроме того, министр сообщил, что для перехода к единой системе сертификации и признания квалификаций предлагается внедрить трех ступенчатую модель управления: Национальный Совет по квалификациям – Национальный квалификационный орган - отраслевые советы.

Он также уточнил, что ответственностью за функционирование системы сертификации и признания квалификаций будет наделен Национальный квалификационный орган.

«Для достижения поставленной задачи до конца текущего года Министерством совместно с госорганами и Нацпалатой будет разработана Концепция законопроекта по вопросам профессиональных квалификаций», - сказал Б.Сапарбаев.

0
0
333

Осы тақырып бойынша

Қазақстанда Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін әзірлейді - Yvision.kz