Еңбекмині мен ISIT-тің digital-мамандықтарды оқыту жөніндегі жобасы жалғасады
Еңбекмині мен ISIT-тің digital-мамандықтарды оқыту жөніндегі жобасы жалғасадыҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Әмір Сүлейменовтің Инновациялық интернет-технологиялар мектебінің бірлескен жобасы аясында халықтың әлеуметтік осал топтары цифрлы мамандықтарды оқып жатыр.Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) бірлесіп халықты цифрлық дағдыларға және SMM-менеджер (әлеуметтік желілердің маркетологтары), PPC-менеджер (контекстік жарнама бойынша мамандар), web-сайттарды әзірлеуші сияқты сұранысқа ие мамандықтарға оқыту бойынша ұйымдастырылған пилоттық жобаға 2018 жылы 60 адам қатысты, олардың ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар, мүгедек балалардың ата-аналары, көп балалы аналар, жалғыз басты аналар, зейнеткерлік жастағы азаматтар және басқалар. Оның 77% бірден ж…