Мазмұнға өту

Жаңа

Жол белгілері жобалық кеңсе бақылауында

17.06.2019 ж. жоба кураторы Г. Оспанқұлов, жобалық кеңсенің басшысы А. Салиева және жобалық кеңсенің қызметкерлері уәкілетті органдар өкілдерінің (Орал қаласы әкімінің орынбасары, БҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы мен қызметкерлері), БАҚ және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Орал қаласы Рамаев/Листовая көшелерінің қиылысы мекен-жайы бойынша тұрғындардың өтініші бойынша азаматтарды көшпелі қабылдау өткізді.

Аталған көшелердің тұрғындары осы жол қиылысында жылдамдық режимін сақтамағаны үшін жиі орын алатын жол-көлік апаттарына шағымданды (40 км. с. шектеу). Кездесу қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға осы жол қиылысында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғасын болдырмау үшін жасанды кедір-бұдырлықтарды орнату бойынша ұсыныстар берілді.

1
0
346

Жобалық кеңседе кезекті азаматтарды қабылдау өтті

14.06.2019 ж. "Ақжайық - АдалдықАлаңы" жобасының кураторы Ғ.А. Оспанқұлов жобалық кеңседе азаматтарды кезекті қабылдады. Қабылдауға 10 адам жүгінді, жүгінушілердің сұрақтары тыңдалды, құқықтық көмек көрсетілді, тиісті түсініктемелер берілді. Халықтың өтініштерін жедел және сапалы қанағаттандыру үшін БҚО білім басқармасының, БҚО ішкі саясат басқармасының, БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылары мен қызметкерлері, Орал қаласы, Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысыларына тиісті тапсырамалар берілді.

1
0
281

СҚО-да солтүстікқазақстандық полицияның батырлары велошеруге шықты

100 астам полиция қызметкерлері мен олардың балалары, ішкі істер органдарының ардагерлері жарыс жолына шықты. Велошерудің шымылдығын полиция қызметкерлерінің үш дөңгелекті велосипедтер мен өздігінен самокаттарды мінген жас бүлдіршіндері ашты. Оларды екі доңғалақты велосипедке отырған ересек балалар мен веломектептің тәрбиеленушілері қолдады. Мәре сызығында бүлдіршіндерді Әйелдер кеңесі дайындаған сыйлықтар күтіп тұрды. Шараның басталар сәті де келіп жетті. Велошерушілердің көшін облыстық полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев бастады. «Дене шынықтыру – құқықтық тәртіп органдары қызметкерлерін кәсіби даярлаудың кепілі. Осындай жаппай іс-шара арқылы біз бойымызда күш біріктіру мен дене шынықтыру дайындығын қалыптастырамыз...», - деп айта кетті ведомство басшысы, с…

0
0
505

СҚО полицейлері жыл басынан синтетикалық есірткілердің заңсыз айналымына қатысы бар 7 адамды ұстады

Өсімдік тектес есірткілерден гөрі синтетикалық есірткілер арзан тұрады және қол жетімді, сондықтан «қара базарда» сұранысқа ие. Уды тарату үшін қылмыскерлер ақпараттық желілердің мүмкіндіктерін пайдаланады, бұл оларды іздестіруге қиындық тудырады.СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жыл басынан синтетикалық есірткілердің заңсыз айналымына қатысы бар 7 адамды ұстады. Тәркілеу кезінде кристалл түріндегі заттың салмағы 700-ден астам гр. құрады. «Есірткіге қарсы күрестің маңызды бағыты – профилактика болып табылады,- деп түсіндірді СҚО ПД ЕҚҚКБ бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев. – Дизайнерлік есірткілердің өндірушілері жастарды нашақорлыққа көптеп тартуға әрекет етуде. Есірткілерді саудалайтын сайттардың сілтемелері болып табылатын, үйлердің қабырғалары…

0
0
392

СҚО полицейлері 3 күн ішінде 11 интернет-алаяқтықты ашты

Қылмыстардың басым көпшілігі танымал онлайн-сервистерде алдын ала төлемді талап етумен тауарларды және қызметтерді сату туралы хабарландыруларды орналастыру арқылы жасалған. …Осылайша, Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының бірі «Колеса» тегін хабарландырулар сайтында ауылшаруашылық техникасына арналған шина үшін «сатушыға» 440 мың теңге аударған, осыдан кейін алаяқ байланысқа шықпай қояды. СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы облысы Қапшағай қаласының 37 жасар тұрғынын анықтады. Тағы басқа бір жағдайда Olx.kz сайтында бір айға пәтерді жалға беру туралы хабарландырулар жиі-жиі орналастырылып тұрған. Алдын ала төлемнің сомасы 25 пен 30 мың аралығында болған. Азаматтар пәтерді жалға алатындары туралы келісіп, ақшаны аударған, кейін «жалға берушімен» хабарласа алма…

0
0
361

СҚО күш құрылымдарының қызметкерлері жүйріктерді анықтады

Жарыстың үш түрінің нәтижесі бойынша спартакиадада ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының дене шынықтыру ұжымы үздік атанды. Он жеті спорттық ұжым Президенттік миляны бағындыру бойынша жүгіруге қатысты. Сайдың тасындай іріктелген спортшылардың арасында бәсеке қызу болды.Алғашқы болып 30 жастан асқан әйелдер жарыс жолына шықты. Мұнда Әскери институттың өкілі Анар Ештаева жеңіске жетті. Осы жас шамасындағы ерлер арасында облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкері Эльдар Тлеукин үздік нәтиже көрсетті. 30 жасқа дейінгі жас шамасында Әскери институт өкілі Владислав Цуканов топ жарды. Қыздар арасында Полиция департаментінің қызметкері Лидия Логинова үздік шықты. «Жалпы барлық қатысушылардың дайындығы мен спорттық рухының деңгейі жоғары болды. Күткеніміздей, жалпыкомандалық есе…

0
0
445

Департамент қызметкері «Үздік мемлекеттік қызметші» конкурсына қатысты

Департамент қызметкері «Үздік мемлекеттік қызметші» конкурсына қатысты2019 жылы 18 маусымда 23 маусым - «Мемлекеттік қызметші күні» қарсаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Үздік мемлекеттік қызметші» конкурсы өтті. Конкурсқа Департамент атынан №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы - Ж.Б. Бокышева қатысты, конкурс қорытындысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің алғыс хатын алды.Конкурстың мақсаты мемлекеттік қызметтің кәсіби дағдыларын қолдау және арттыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің имиджін арттыру.Еңбек комитетінің департаменті мемлекеттік қызметте барлық жерде…

0
0
325

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы «Жастар-ел тірегі» атты жаңа бағытпен толықтырылды

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы «Жастар-ел тірегі» атты жаңа бағытпен толықтырылдыЕліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасының «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде берген тапсырмаларына сәйкес өнімді жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.Аз қамтылған көпбалалы отбасыларды, аз қамтылған еңбекке қабілетті мүгедектігі бар азаматтар мен жастарды жұмысқа орналастыру, оқыту сапасын арттыру және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында мемлекеттік қолдаудың бірқатар жаңа шаралары көзделіп отыр.Осылайша, Жастар жылы аясында мемлекеттік бағдарлама «Жастар-ел тірегі» ұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыру» атты жаңа бағытпен толықтырылды. Аталған Ұлттық жоба «Жас маман» және «Жас кәсіп…

0
0
386

Мүгедектігі бар балаларға қуаныштың бір бөлігін сыйладық

Мүгедектігі бар балаларға қуаныштың бір бөлігін сыйладықБіз жиі естиміз және «Балалар біздің болашағымыз» деп айтамыз, ал біз ересектер біздің балаларымыздың бақытты болашағы болатындай етіп жасауға тиіспіз. Міне, бүгін қайырымды жандар мүгедектігі бар балаларға бақыт, жылылық пен мейірімділіктің бір бөлігін сыйлауға тырысты. «Қазақ тұлпары» ЖШС базасында экскурсия жүргізіліп, балалар жылқыларды тамақтандыра алды және серуендеді. Содан кейін балаларды көңіл көтеру бағдарламасы күтіп тұрды. Іс-шараның бастамашысы «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-нің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы А.Р. Дощанова болды, ол Департаменттің өзгерістер агенті болып табылады. Осы іс-шараны ұйымдастыруға көмектескен адамда…

0
0
302

Еңбек министрлігінің делегациясы Женевада өтіп жатқан 108-ші сессиясына қатысуда

Еңбек министрлігінің делегациясы Женевада өтіп жатқан Халықаралық еңбек конференциясының 108-ші сессиясына қатысудаХалықаралық Еңбек Конференциясының пленарлық отырысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасов сөз сөйледі.Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық еңбек конференциясы ХЕҰ шешімдерін қабылдаудың жоғары органы болып табылады. Бұл шара Ұйымға 187 мүше мемлекеттің үш жақты делегациясын жинай отырып, жыл сайын өткізіліп тұрады.Қазақстанның ресми делегациясының құрамына ҚР Үкіметінің, жұмыс беруші ұйымдардың және Қазақстан кәсіподақтарының өкілдері кірді.Өз баяндамасында Ақмади Сарбасов еңбек және жұмыспен қамту саласын мемлекеттік реттеудің қазақстандық моделі туралы баяндады. Бұл ретте, вице-министр еңбек нарығындағы өзгерістерге а…

0
0
450