Жобалық кеңседе кезекті азаматтарды қабылдау өтті
14.06.2019 ж. "Ақжайық - АдалдықАлаңы" жобасының кураторы Ғ.А. Оспанқұлов жобалық кеңседе азаматтарды кезекті қабылдады. Қабылдауға 10 адам жүгінді, жүгінушілердің сұрақтары тыңдалды, құқықтық көмек көрсетілді, тиісті түсініктемелер берілді. Халықтың өтініштерін жедел және сапалы қанағаттандыру үшін БҚО білім басқармасының, БҚО ішкі саясат басқармасының, БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылары мен қызметкерлері, Орал қаласы, Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысыларына тиісті тапсырамалар берілді.
