Өнерпаз жастарға арналған шеберлік сағатына лекторлар ретінде Халықаралық және Ұлттық Дельфий комитетінің қазылар алқасының мүшелері, мәдениет саласының қызметкерлері шақырылды. Атап айтатын болсақ, музыкалық продюсер, вокал бойынша Ұлттық Дельфий ойындарының қазылар мүшесі Мейіржан Әлиақбаров, "Астана Опера" Опера және балет театрының актеры, Селезнев атындағы xореографиялық училищенің түлегі Бейбіт Баянбеков, "Хабар" телеарнасының сурдоаудармашысы, Ұлттық Дельфий ойындарының қазылар мүшесі Хасан Исраилов және белгілі дизайнер, киім дизайнының профессоры, Ұлттық және Халықаралық Дельфий ойындарының қазылар мүшесі Қайролла Әбішев өңір-өңірді аралап, жастар үшін дәріс оқыды. Сондай-ақ, фестиваль аясында жаттықтырушылар шығармашыл жастарға менторлық қолдауды жүзеге асырады.«Ұйымдастырушылар…