Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«БӘЙТЕРЕК-FEST» Елордада қорытындыланады

Өнерпаз жастарға арналған шеберлік сағатына лекторлар ретінде Халықаралық және Ұлттық Дельфий комитетінің қазылар алқасының мүшелері, мәдениет саласының қызметкерлері шақырылды. Атап айтатын болсақ, музыкалық продюсер, вокал бойынша Ұлттық Дельфий ойындарының қазылар мүшесі Мейіржан Әлиақбаров, "Астана Опера" Опера және балет театрының актеры, Селезнев атындағы xореографиялық училищенің түлегі Бейбіт Баянбеков, "Хабар" телеарнасының сурдоаудармашысы, Ұлттық Дельфий ойындарының қазылар мүшесі Хасан Исраилов және белгілі дизайнер, киім дизайнының профессоры, Ұлттық және Халықаралық Дельфий ойындарының қазылар мүшесі Қайролла Әбішев өңір-өңірді аралап, жастар үшін дәріс оқыды. Сондай-ақ, фестиваль аясында жаттықтырушылар шығармашыл жастарға менторлық қолдауды жүзеге асырады.

«Ұйымдастырушылардың пікірінше, үш ең жарқын финалист Ұлттық Дельфий комитетінің халықаралық шығармашылық жобаларына қатысу құқығына ие болады», – дейді Ұлттық дельфий комитетінің директоры, жоба жетекшісі Құралай ТҮСПЕКОВА.

Жобаға 14-28 жас аралығындағы шығармашыл жастар қатыса алады.

Жоба аясында Ұлттық Дельфийлік қазылар алқасы қатарынан шеберлік сағатын еліміздің мәдениет қайраткерлері өткізеді. Осылайша, байқауға қатысушыларға менторлық қолдау көрсету жоспарланып отыр.

Дәстүрлі түрде ұйымдастырушылар ерекше қажеттіліктері бар талантты жастардың арасынан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтайды.

Фестиваль бағдарламасында келесі аталымдар ұсынылып отыр:

1. Хореография (халықтық, заманауи, эстрадалық би);

2. Вокал (халықтық, эстрадалық, академиялық);

3.Ым-ишара тілінде орындау (соло, ансамбль, шағын нысанда);

4. Бейнелеу өнері (жеке);

5. Сәндік-қолданбалы өнер (жеке);

6. Халық аспаптары (домбыра, қобыз, баян/аккордеон және т. б.);

7. Театр өнері (қойылым үзінділері, миниатюралар, монологтар, скетчтер және т.б.);

8. Электрондық музыка (клавишалық, қияқты және ішекті аспаптар);

9. Киім дизайны;

10. Ашық номинация (жеке номинациямен мәлімделмеген кез келген шығармашылық түрі).

Конкурстық комиссия ұсынылған әр номинациялар бойынша бірінші, екінші және үшінші орын иегерлерін анықтайды.

Фестиваль ережесімен және жоба бойынша қосымша материалдармен https://yadi.sk/i/-SCggXLWc0VNEw сілтемесі арқылы таныса аласыздар.

Қазақстан Республикасындағы Жастар жылына арналған "Бәйтерек-фест" Ұлттық фестивалі алғаш рет өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылар Фестивальді екі кезеңде өткізгелі отыр: алғашқы іріктеу кезеңінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен жастардың онлайн-өтініші қабылданды, екінші – фестивальдің ақтық сыны Елордада ағымдағы жылдың тамыз айында өтеді. Сонымен қатар, жобаның шеберлік сағаттары аясында спикерлер Қазақстанның тағы да 4 аймағындағы қалаларды қамтыды.

0
0
514

Осы тақырып бойынша

«БӘЙТЕРЕК-FEST» Елордада қорытындыланады - Yvision.kz