Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Парасаттылық мектептері өз жұмысын бастады

«Ақжайық адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жанынан парасаттылық жүйесін тоқсан сайын оқытуды қамтамасыз ету мақсатында, тұрақты жұмыс істейтін парасаттылық мектептері құрылған болатын.

2019 жылдың 20 тамызында өтініш білдірген 8 тыңдаушыға «Ақжайық адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл парадигмасының өзгерту негізінде қоғамда парасаттылық қағидаттарын енгізу, парасаттылық мемлекеттік аппараттағы этика нормалары, қоғамның адалдық стандарттары, мемлекеттік органдардың ашықтығы, азаматтардың ойлауының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті, тиісті құқық қолдану практикасы туралы дәріс берілді.

Өз кезегінде тыңдаушылар күнделікті өмірде атап айтқанда теміржол, медицина, білім және т.б. салаларда кездесетін тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін өздеріне қажет ақпараттар алғандарын және осы ақпараттарды одан әрі тарататындықтарын, жеке өмірлерінде пайдаланатындарын атап өтті.

0
0
262

Осы тақырып бойынша

Парасаттылық мектептері өз жұмысын бастады - Yvision.kz