«Ақжайық адалдық алаңы» жобасы аясында «Жол бер - өмірді сақта» шарасы өтті.
2019 жылдың 21 тамызында «Ақжайық адалдық алаңы» жобасы аясында облыстық полиция департаментінің, облыстың медицина қызметкерлерінің және бұқаралық ақпарат құралдары («ТДК-42» және «Ақжайық» телеарналары, «Мой город» және «Жайық үні» газеттері) өкілдерінің қатысуымен Орал қаласы көшелерінде «Жол бер - өмірді сақта» шарасы өтті.
Шараның мақсаты жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге жолда өзара сыйластық пен парасаттылық қағидаларын түсіндіру. Жол қозғалысы туралы кодекстің басты талаптарының бірі - арнайы жарық және дыбыс сигналдары iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық беру. Пациенттерді құтқару кезінде әрбір секундтың құндылығын есте сақтау маңызды.
Шара барысында автокөлік жүргізушілерінің арнайы жарық және дысытық сигналдарды қосып келе жатқан жедел жәрдем автокөлігіне жол беруіне-бермеуіне көңіл бөлінді. Сонымен қатар жүргізушілерге жедел жәрдем көлігінің кідіруінен адамның денсаулығы мен өміріне қауіп келетіні айтылды.
Жүргізушілер тарапынан, әкімшілік құқық бұзушылықтарға әкеліп соғатын бұзушылықтар анықталған жоқ.
