БҚО АМТ құрамына қабылдау
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау мен бағалау жөніндегі Батыс Қазақстан облысындағы арнайы мониторингтік тобының құрамын жаңартуда.
Осыған орай, Арнайы мониторингтік тобының құрамына енгісі келушілерге 2019 жылдың 23 тамызда дейін өзінің жеке түйіндемесін [email protected] электронды мекен-жайына «БҚО АМТ» үшін атауымен жіберулеріңізді сұраймыз.
Арнайы мониторингтік тобы қызметінің негізгі мақсаттары:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жүргізу;
2) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға жәрдемдесу;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қоғамдық мониторингті жүзеге асыру (мемлекеттік органдар).
АМТ мүшелеріне қойылатын талаптар:
- соттылығының болмауы;
- АМТ барлық отырыстарына қатысуға;
- ортақ этикалық нормаларға сәйкес мінез-құлықтарды сақтауға;
- бұқаралық ақпарат құралдарында және ғаламтор жүйесінде жариялау барысында дұрыс және сенімді ақпаратты орналастыруға;
- сынды әрекеттер мен қудалауға жол бермеуге.
Аталған талаптардың орындалмауы Арнайы мониторингтік тобының құрамынан шығаруға негіз болып табылады.
