Сібір татарлары туралы
1-сурет. Сібір татар қаласыСібір татарлары өздерін Сібір татарлары деп атайды. Қазақтар татарлардың бәрін ноғайлар дейді. Ұзақ уақыт бойы ноғайлармен өте тығыз қарым-қатынаста болған қазақтардың татарларды (ал татарлар өздерін бұлғалар дейді) неліктен ноғай дейтіні мен үшін түсініксіз. Мүмкін түркі халықтарының ішінде ең жақын халық болған ноғайларға теңегеннен бе әлде Ноғайлы заманын әлі аңсаудан ба екен? Орыс империясы түркі тектес халықтардың жерлерін жаулап алу кезінде жолында кездескен халықтардың бәрін татар деп атаған ба деп ойлаймын. Кавказ татарлары, Қырым татарлары, Астрахань татарлары және т.б. Ал, Сібір татарларының ата қонысы Обь өзенінен батысқа қарайғы далалы және орманды-далалы жерлер, олар Ресейдің осы бөлігіндегі Түмен, Омбы, Новосібір, Томск облыстарында және Түмен, Омб…