«Жетістікке жету алгоритмі» семинар-тренингі
2019 жылғы 19 қазанда Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры, коуч-жаттықтырушы Жанболат Даухаринмен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлеріне «Жетістікке жету алгоритмі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинар барысында жеке тұлғалық өсу және жан жақты даму, өзін өзі жетелеу, дедлайндар қою және т.б. қажетті нақты басымдықтар қойылып, талқыланды.
Коуч барысында, бәрімізге, тұрақты түрде өзімізді дамытып отыру қажеттігі, яғни кітап оқу, денсаулықпен шұғылдану, үнемі жаңа білім алу, тек позитивті ойлап, қолда бар нәрсені қадірлеу қажеттігін түсіндік.
Галилео Галилей, Альберт Эйнштейн, Уилл Смитт, Тони Роббинс және т.б. сияқты өмірде көптеген жетістіктерге қол жеткізген атақты тұлғалардың өмірлеріне көз жүгірттік.
Сабақ соңында қызметкерлер шабыттанып, алған білім-дағдыларын күнделікті өмірде қолданатын әсерде қалды.
