Қазақ менталитеті және оның некеге деген ықпалы
Қазақтың менталитеті, қазақтың стереотиптері, әсіресе елдің оңтүстігінде, адамдардың басына еніп кеткен. «Адамдар не ойлайды?», «Егер туыстар білсе не болады?» Деген сұрақтар серіктес таңдауда қазақтардың іс-әрекетіне қатты әсер етеді. Сондықтан, бүгін мен неке кезінде қатты әсер ететін қазақтың менталитеті және оның неке бұзылуына қалай әсер ететіндігі туралы айтқым келеді. Біріншіден айта кетсек, Қазақстанда соңғы 10 жыл ішінде 1,5 миллион жұп некеге тұрды. Осы кезеңде, жарты миллионнан астам адам ажырасқан, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті. Сонымен қатар, 2018 жылдың жеті айында, Қазақстанда 73 мыңнан астам адамдар некеге тұрды. Статистикалық мәліметтерге сенетін болсақ, оңтүстіктегі адамдардың үйлену ықтималдығы жоғары солтүстіктік адамдарға қарағанда. Міне, сұрақ туындайды, неге оңтүстікте адамдар солтүстікке қарағанда жиі үйленеді? Жауабы: Қазақ менталитеті. Қыз "отырып қалады" деген ұғымы көбінесе елдің оңтүстік аймақтарында қолданылады. Ата-ананың немесе туыстардың ықпалы, жас қыздың жиырмадан енді асқан кезінде қысым білдіретін осы стереотиптердің барлығы қыздың таңдау жасауға асығатындығына немесе мүлдем таңдауға құқығы жоқтығына және де ата анасы тапқан адамға үйленуге мәжбүр болуына әкеледі. Бұл тек менің пікірім ғана емес, мысалы Оксана Гулак есімді психологтың айтуынша, Түркістан облысының Шымкент қаласында балалары уйлену немесе күйеуге ертерек шығу керек деп санайтын ата аналарын жастар көбірек тыңдайды. Бір бірін сүймей уйленген ерлі-зайыптыларға не болады?
Оптимистік көзқарастарымен көптеген адамдар былай деп болжайды: бір-бірімен тұрғанда ерлі-зайыптылар бір-біріне үйреніп кетеді де ғашық бола бастайды. Алайда, бұл тек сәтті әрі сирек жағдайда ғана. Көбінесе, қыздар екі бала болмаса, 1 баланы дүниеге әкеліп, үй шаруасындағы әйелдерге айналады. Осы арада, ер адамдар, өйткені олар да үйленуге мәжбүр болғандықтан, сол жаққа, оң жаққа қарап жұбайын алдауын бастайды. Өздерінің түнгі сапарларын “жұмыс істеп жүрмін” деп сылтауратады. Үйдің ішінде айқай-шу басталады. Айта кетсек, Қазақстанда ажырасулардың басты себебі ретінде тұрмыстық зорлық-зомбылық ресми түрде мойындалған. Нәтижесінде махаббатсыз үйленген ерлі-зайыптылар ажырасып, жазықсыз балалар әке немесе шешесіз өсетіндердің табалдырығында қалады. Қыз өмірдің мәнін жоғалтып, депрессияға ұшырау мүмкін және т.б. Ары қарай не бола алатыны туралы шексіз жалғастыра аламыз, алайда, ең бастысы бұл емес. Ең бастысы, мұның бәрі неден басталуы мүмкін? Тағы да, қазақтың менталитеті бойынша, қыздар тезірек күйеуге шығу керек немесе ол “отырып қалады” да бала туу қиынға соғады және т.б. Ата-аналары баласының өмірін жақсартудағы оймен, көбінесе тек қиындатады әрдайым қыздың жасы туралы сөйлегенде , мысалы, "24-те келіп қалдың бірақ әлі үйленбегенсің, туыстар білсе не дейді"- деп...
Бірақ сіз махаббатты сезінбейтін болсаңыз, егер сіз оны әлі таппаған болсаңыз, қалай күйеуге шығуға болады? Менің ойымша, күйеуге шығу үшін оңтайлы жас жоқ. Бұл тақырып өте жеке. Ешкім сізге қашан, кімге күйеуге шығу керектігін айтуға құқылы емес. Әрбір қызда, жұбайын таңдау тек жеке болуы керек. Жеке қажеттіліктерге, құрмет пен сенімділікке қарай ұмтылу қажет, жақындарды қуантуға немесе қамын ойлауға емес. Егер де белгілі бір адаммен бірге болғыңыз келетінін сезсеңіз, сол адам “менікі” деп сезсеңіз, тек сол жағдайда ғана некеге тұрудың оңтайлы жасы тура келеді. Сондықтан мен қыздары әлі үйленбеген ата-аналарға, қыздарыңызға күйеуге шығатын уақытын келді деп мәжбүрлемеуге немесе қысым жасамауға сұраймын. Дұрыс қолдау көрсетіп, қыздарыңыздың бұл мәселе туралы пікірлерін тыңдаңыз. Қыздар болса, өз кезегінде, үйленбестен бұрын, өз ата-анасымен серіктесін таныстырып, пікірлерін білулері керек. Не болса да, ата-аналар бізден гөрі ұзақ өмір сүрді, демек, адамдардың жаман жақсысын тезірек ажыратады. Қорытындайтын болсақ, соңғы шешім яғни таңдау әрдайым қыздың өзінде болуы керек. Себебі, жұбайыңмен тұратын ата-ана немесе туыстар емес, тек қыздың өзі ғана!
