Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Киноцитаталардың 5-ші топтамасы. АФИ ұсынады...

Сәлем Достар! Араға 3 жыл уақыт салып, біз ортаға қайта оралдық!

3 жыл бұрын 4-ші Киноцитаталар топтамасынан кейін тоқтағанбыз. Сол айдарды қайта жандандырғалы отырмыз.

5-ші Киноцитаталар топтамасына Америка Киноматография Институтының (АКИ) бастамасымен 2005 жылы жарыққа шыққан, 1500 әділқазы алдынан өткен, нөмірленіп, реттелген, соңғы 100 жылда экранға шыққан американдық фильмдердегі 100 киноцитаталардың қазақшаға аударылған бір бөлімін назарға ұсынамыз. Қабыл алыңыздар!

1. Мен қажеттілікті сезінудемін – жылдамдық қажеттілігін!

Сұрмерген, 1986 ( АКИ жасаған тізімде 94-ші орында жайғасқан).

2. Менің бағажетпесім!

Жүзік Әміршісі: Екі Мұнара, 2002 (АКИ жасаған тізімде 85-ші орында жайғасқан).

3. Жо-жоқ, бұл ұшақтар емес. Бұл Құбыжықты Сұлулық өлтірді.

Кинг-Конг, 1933 ( АКИ жасаған тізімде 84-ші орында жайғасқан).

4. Модульдің есігін аш, Хал.

Ғарыш Одиссеясы (Космическая Одиссея, 1968. АКИ жасаған тізімде 78-ші орында жайғасқан).

5. Көріскенше, бөбегім.

Терминатор: Ақырзаман (Терминатор:Судный День, 1991. АКИ жасаған тізімде 76-ші орында жайғасқан).

6. Робинсон ханым, сіз мені еліктіруге тырысудасыз, солай ма?

Жастүлек (Выпускник 1967. АКИ жасаған тізімде 63-ші орында жайғасқан).

7. Менің кішкетай достыма СӘЛЕМ де!

Тыртықбет (Лицо со шрамом, 1983. АКИ жасаған тізімде 61-ші орында жайғасқан).

8. Достарыңды жаныңда ұстағайсың. Бірақ дұшпандарыңды олардан да жақынырақ ұста.

Өкіл әке 2 (Крестный отец 2, 1974. АКИ жасаған тізімде 58-ші орында жайғасқан).

9. Жігіттің ең жақын жолдасы – анасы.

Психо, 1960 (АКИ жасаған тізімде 56-ші орында жайғасқан).

10. Алғаш көргеннен мен сендік болдым.

Джерри Магуайер, 1996 (АКИ жасаған тізімде 52-ші орында жайғасқан).

11. Сен өзіңе бір ғана сұрақ қойғаның жөн: “Өзімді жолы болғыш деп сезінемін бе?” Ал, кәнә, сезіндің бе, сілімтік?

Арамза Гарри, 1971 (АКИ жасаған тізімде 51-ші орында жайғасқан).

12. Хьюстон, бізде қиындық туындады.

Аполлон-13, 1995 (АКИ жасаған тізімде 50-ші орында жайғасқан).

13. Ол тірі! Тірі!

Франкенштейн, 1931 (АКИ жасаған тізімде 49-ші орында жайғасқан).

14. Енді, ешкім де мұнтаздай емес.

Джазда тек қана қыздар, 1959 (АКИ жасаған тізімде 48-ші орында жайғасқан).

15. Шейн. Шейн. Қайт кейін!

Шейн, 1953 (АКИ жасаған тізімде 47-ші орында жайғасқан).

16. Стелла! Әй Стелла!

Құштарлық трамвайы, 1951(АКИ жасаған тізімде 45-ші орында жайғасқан).

17. Анам үнемі айтатын: “Өмір деген кәмпиттің қорабы тәрізді-ішінде не бар екенін ешқашан білмейсің”.

Форрест Гамп, 1994 (АКИ жасаған тізімде 40-ші орында жайғасқан).

18. Мен оралам.

Терминатор, 1984 (АКИ жасаған тізімде 37-ші орында жайғасқан).

1
2
602

Осы тақырып бойынша