Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жастар адалдықты қолдайды

21 қазан күні Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУ-да Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Арман Бердалин мен республикалық арнайы мониторинг тобының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, қоғам қайраткері Ырза Тұрсынзада студент жастармен кездесті.

Жиынды университеттің проректоры Әсет Сембайұлы ашып, жүргізді. Басқосуда сөз алған Арман Бердалин сыбайлас жемқорлық тақырыбында сөз қозғай отырып, тұлға бойында қалыптасатын парасаттылық, әділдік сынды құндылықтарды кеңінен насихаттау қажеттігін атап өтті.

Қоғам қайраткері Ырза Тұрсынзада жастарға өнегелі әңгімелерін айтып, маңдай термен тапқан ақшаның қадірі мен құны барын, берекелі болатындығын жеткізді. Текті халықтың ұрпағы екенімізді жеткізіп, әңгіме ауанын қаракөз қыздарға бұрды. Ұлттың ұяты қыз бала екендігін айтқан Ы.Тұрсынзада қыз балалардың ары мен намысы оянса, ер балалардың рухы асқақтайтындығын жеткізді.

Шара соңында университет ұстаздары мен студенттері қонақтарға ақ тілектерін білдіріп, алғыстарын айтты.

1
0
382

Осы тақырып бойынша

Жастар адалдықты қолдайды - Yvision.kz