Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Академия тыңдаушыларымен кездесу

2019 жылдың 21 қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының БҚО бойынша филиалы тыңдаушыларымен республикалық арнайы мониторинг тобының мүшесі Ырза Тұрсынзада, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) өкілі А. Бердалиннің қатысуымен кездесу өткізілді.

Өз сөзінде Арман Бердалин орталық деңгейде қолға алынған жобаларға және жыл басынан бері республика бойынша атқарылған мәліметтерге тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды тиімді жүргізу үшін қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып өтті.

Республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшесі Ырза Тұрсынзада пікірінше, ұлт болып ұйысудың басты тетігі – рухани тәрбие, яғни адамзаттың бойында адамгершілік, әділдік, адалдық, парасаттылық сияқты қасиеттерді қалыптастыру. Сонда ғана сыбайлас жемқорлық сияқты теріс құбылыстың қоғам өмірінде жолы кесілетінін атап өтті.

Кездесу соңында спикерлер барлық тыңдаушыларды әділ болуға шақырып, әр қызметші өзгерісті өзінен бастау керектігін айтты.

1
0
324

Осы тақырып бойынша

Академия тыңдаушыларымен кездесу - Yvision.kz