Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жаңа экономикалық бағытының басты жеті қағидатын атады.
- Енді әлемдік нарықтың жаңа конъюнктурасына дайын болуымыз керек. Диверсификацияланған технологиялық экономиканы құру біз үшін жай қажеттілік емес, басқа жол жоқ. Бұған қарамастан экономика халықтың әл-ауқатын көтеруге жұмыс істеуін жалғастыру керек. Ұлттық табыстың әділ бөлінуі жөніндегі қоғамдық талап ескерілу керек. Яғни, табыс тиімді әлеуметтік жобаларға бөлініп тұруы керек. Сондықтан еліміздің жаңа экономикалық бағыты басты жеті қағидатқа негізделу керек. Біріншіден – міндеттер мен игіліктер әділ бөліну қажет, екіншісі – жеке кәсіпкерліктің басты рөлі, үшінші – әділ бәсекелестік, кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін жаңа нарықты ашу, төртінші – өндіріс көлемін арттыру. Бесінші – адам капиталын дамыту, білім берудің жаңа түріне инвестиция құю, алтыншы – қоршаған ортаны жасылдандыру экономи…