Бағыты айқын бастамалар – жарқын болашақтың кепілі.
Мәселен, қазақстандықтардың бұдан әрі өркендеуіне қажетті 7 бағытты атап өтті. Жолдау барысында экономикалық, әлеуметтік салаларға қатысты бірқатар мәселелер қозғалды. Халықтың назарында жүрген көптеген сан сауалдар да талқыланды десек болады.
Иә, ел Президенті кезекті Жолдауында қарапайым халықтың әл-ауқатын арттырудан бастап, мұғалімдердің мәртебесін көтеру мақсатында олардың табысын 2021 жылдан 25%-ға арттыру жағын анық айтты. Сонымен қатар, 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңімен екі есеге өсіру керектігін де түсіндірді. Бұл, әрине, қазіргі пандемия уақытында медицина қызметкерлері үшін зор құрмет екені анық.
Пандемия кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнеске субсидия берілу үшін бюджеттен 200 млрд бөлінуі – кәсіпкерлерге жасалған үлкен қолдау. Келесі жылдан бастап азаматтардың тұрғын үйге қол жеткізуі, емделуі, білім алуы үшін зейнатақы қаржысының бір бөлігін пайдалана алуы бұл да өзекті мәселелердің шешіміне септігін тигізеді деп ойлаймын. Ал, ең басты байлығымыз – жеріміздің шетелдіктерге сатылмайтыны жайлы Президенттің айтқаны бәрімізді қуантты деп ойлаймын.
Мемлекет басшысының кезекті бұл Жолдауындағы үміттерге басым бағыттары әрбір Қазақстандық азаматқа серпін берері деп сенемін. Нақты шешіммен, жүйелі жүргізілген жұмыстар халықты өркениетке жетелейтіні сөзсіз.
Балажанова АйжанТалғатқызы - Қарасай аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі
