Партияға артылған зор сенім
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жолдауда көтерілген мәселелер қазіргі қоғамымыз үшін аса маңызға ие. Мәселен «2021 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы жинағының бөлімін үй алу, емделу үшін пайдалана алады немесе қаржы ұйымдарының басқаруына бере алады» - деген үкіметке артқан тапсырмасы қала кезіп, пәтерден пәтерге көшіп жүрген көп елге негізгі мәселесінің шешу жолы болады деп ойлаймын. Сонымен қатар мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік секторда бюджетке салмақ салып отырған қызметкерлердің санын тездетіп қысқарту керектігі жөніндегі міндеттеме айтылды. Осылайша бюджет қаржысын үнемдеуден бөлек, мемлекеттік қызметке деген бәсекелестікті күшейтіп, ондағы мамандардың жауапкершілігін арттыру арқылы жұмыс сапасын жоғарлатуға мүмкіндік алатынмыз белгілі.
Өз кезегінде мемлекет басшысы әлемді шарпыған індеттің әсерінен жылдағы оқу жүйесінің онлайнға ойысуы жөнінде де тілге тиек етті. Пікірі халықпен үндес президент телефонға тесілген ұстаз бен оқушының күнделікті күйінің кері әсеріне де тоқталды. Сәйкесінше үкіметке осы олқылықтың орынын толтыру мақсатында бірыңғай онлайн платформаны шұғыл әзірлеу керектігін жеткізді. Енді бір сөзінде «оқушы сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа барып, ұстаздарымен араласуы үшін санитарлық талаптарды сақтай отырып, бұрынғы дәстүрлі білімге оралуды тезтедуіміз керек»,-деді. Осындай қиын кезеңдегі керегін іздеген елге ойындағысын оқып ортаға салған бүгінгі президент жолдауы көптің көңіл төрінен орын алады деген ойдамын.
Және Қасым-Жомарт Кемелұлы ел азаматтарының мүддесін қорғау жөніндегі маңызды миссияны бұрынғыдай саяси партиялар атқара беретіндігін айтып, ал осы істе «Nur Otan» партиясы өзінің іс-қимылы арқылы қоғамымыздағы жетекші саяси күш екенін дәлелдеп отыр. Партия алдағы реформаларды жүзеге асыруға белсене атсалысып, өзінің әлеуетін толықтай пайдаланатындығын алға тартып зор сенім білдірді.
«Nur Otan» партиясы
Талғар аудандық филиалы төрағасының
бірінші орынбасары
Б.Күрішбеков
