Жаңа
"Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі"
Бүгін 1 қыркүйек күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" деген тақырыппен халыққа жолдауын жасады. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Ұлттық экономиканың стратегиялық қуатын арттыру үшін тез арада қайта өңдеу ісінің жаңа салаларын дамыту қажет. Бұл қара және түсті металлургия, мұнай химиясы, көлік құрастыру және машина жасау, құрылыс материалдары мен азық-түлік өндіру және басқа да салаларды қамтиды.Сонымен қатар ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес деді. Бұл салада шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелер бар. Атап айтқанда, жұрттың жерге қол жеткізе алмауы, ұзақ мерзімге берілетін "арзан несиенің" болмауы, кәсіби мамандардың тапшылығы. Сондықтан, еліміздің бақытты әрі жарқын келешегі әр азаматтың қа…
Нарықтық жағдайда азаматтардың баспаналы болуы
⚡️❗️Қазақстандықтар 2021 жылдан бастап баспана алу үшін зейнетақы қорындағы ақшасын ала алады. Бүгін Президент Тоқаев осындай тапсырма берді
«Нарықтық жағдайда азаматтардың баспаналы болуы - табысы мен өз күшімен баспана алу қабілетіне байланысты. Менің тапсырмам аясында азаматтардың зейнетақы қорындағы қаржысының бір бөлігін алуына жағдай жасау мәселесі айтылған. Бұл әлі өзекті. Сондықтан, 2021 жылдан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ақша салып отырған 700 мыңнан аса азамат баспана алуға, емделуге немесе қаржы компанияларына беру үшін ондағы қаражатының бір бөлігін вала алады», - деді тиісті органлдарға тапсырма берген Тоқаев.
@azattyq_ruhy
1,1 мыңнан астам медицина қызметкері COVID-19 инфекциясын және пневмонияны жұқтыруына байланысты
COVID-19-бен күресуге тартылған 1111 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды. Сондай-ақ, МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 8 медицина қызметкерінің туыстарына төлемдер аударды.
https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/bolee-11-tys-medrabotnikov-poluchili-vyplaty-iz-gfss-v-svyazi-s-zarazheniem-covid-19-i-pnevmoniey?lang=kk
Бұған дейін хабарланғандай, МӘСҚ-дан біржолғы төлем алуға өтініштер 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін
Бұған дейін хабарланғандай, МӘСҚ-дан біржолғы төлем алуға өтініштер 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданды.
Бұдан бұрын бас тарту туралы шешім қабылданған «42 500 теңге» әлеуметтік төлемін тағайындау өтініштерін қайта қарау үшін, аудандық (қалалық) штабқа растайтын құжаттармен бірге тиісті өтініш беру керек.
https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/pochti-24-mln-kazahstancev-poluchili-edinovremennuyu-vyplatu-po-potere-dohoda-v-period-karantina?lang=k
Құрметті жетісулық ұстаздар қауымы! Қымбатты оқушылар, білімгерлер мен ата-аналар!
Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірумен сипат алса, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалмақ. Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін, яғни 1 қыркүйек күні мектеп табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршіндерді қарсы алады. Оқушылармен, білімгерлерге сәттілік, оқуда озат болуларыңды тілеймін. Ұстаздар қауымына бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жаңа жетістіктер, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Білім күні құтты болсын! Ізгі ниетпен, Жанболат Жөргенбаев, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
Алты жыл бұрын тарап кеткен министрлік қайта құрылады
- Ішкі істер министрлігі құрылымын оны бейінді емес функциялардан босатып, қайта қарау керек. Бұл осы маңызды ведомство жұмысының тиімділігін арттырады. Табиғи және техногендік апаттар дәуіріне енгенімізді ескере отырып, төтенше жағдайлар министрлігін қайта құру қажет деп санаймын, - деді ел Президенті Жолдауда.
Жыл сайын бір көшені қайта-қайта жөндей беруді доғару керек.
Көп жағдайда қаржы тұрғындардың қажеттілігіне жұмсала бермейді. Бір көшені жыл сайын қайта қайта жөңдеу халықтың наразылығын тудыруда. Бұл орынды да, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жаңа экономикалық бағытының басты жеті қағидатын атады.
Бұған қарамастан экономика халықтың әл-ауқатын көтеруге жұмыс істеуін жалғастыру керек. Ұлттық табыстың әділ бөлінуі жөніндегі қоғамдық талап ескерілу керек. Яғни, табыс тиімді әлеуметтік жобаларға бөлініп тұруы керек. Сондықтан еліміздің жаңа экономикалық бағыты басты жеті қағидатқа негізделу керек. Біріншіден – міндеттер мен игіліктер әділ бөліну қажет, екіншісі – жеке кәсіпкерліктің басты рөлі, үшінші – әділ бәсекелестік, кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін жаңа нарықты ашу, төртінші – өндіріс көлемін арттыру. Бесінші – адам капиталын дамыту, білім берудің жаңа түріне инвестиция құю, алтыншы – қоршаған ортаны жасылдандыру экономикасы, жетінші – мемлекеттің басты мәселені шешуі мен соған қоғам алдында жауап беруі. Оның ішінде біз бәсекелесе отырып, өзіміздің нағыз әлеуетімізбен еңсеруіміз ке…
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
2020 жылғы 1 қыркүйек күні сағат 11:00 де Қазақстан Республикасының Парламентінің біріккен отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Биылғы Жолдаудың маңыздылығы - алдағы уақытта әлеуметтік-экононмикалық дамудың 7 бағытын ұсынды. Соның ішінде қуантарлық жағдай -2021 жылдан бастап, мұғалімдердің жалақысы 25 %, дәрігерлердің жалақысы 2 есеге көбейтіні жайлы айтылды. Еліміздің дамуында білімнің, ғылымның ролі үлкен болса, ұстаздарға көрсетілетін көмек өте орынды, ал дүние жүзін жайлаған пандемия кезінде күні-түні аянбай ел саулығы үшін еңбек еткен дәрігерлер қауымының еңбегін құрметтеп, қолдау көрсету көңілге қуаныш ұялатады. Бүгінгі Жолдау жалпы еліміздің қарқынды дамып, өсіп-өркендей беруіне үлкен серпін беретініне кәміл сенеміз. «Nur…