Перейти к содержимому
kegen.nurotan.kz

kegen.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 5 тамыз

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

17

пікірлер

0

тіркелуші

4

жазылу

1

Ұстаздардың жалақысы өседі. Бұл жайында ел Президенті дәстүрлі Жолдауында сөз етті.

Ұстаздардың жалақысы өседі. Бұл жайында ел Президенті дәстүрлі Жолдауында сөз етті. - 2021 жылы қаңтар айынан бастап мұғалімдердің жалақысын 25 пайызға дейін өсіруді тапсырамын. Бұл мақсатта 1,2 трлн теңге бөлінді. Ұстаздардың жалақысы болашақта да көтеріліп отырады. 6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамтамасыз етіледі, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев

0
1
252

Ел Президенті Агроөнеркәсіпті дамыту бойынша жаңа ұлттық бағдарламаны әзірлеуді тапсырды

Ел Президенті Агроөнеркәсіпті дамыту бойынша жаңа ұлттық бағдарламаны әзірлеуді тапсырды - Агроөнеркәсіпті кешенді дамыту туралы мемлекеттік бағдарлама келесі жылы аяқталады. Үкімет пен бизнеске АӨК-ні дамытудың 5 жылдығына арналған жаңа ұлттық бағдарламаны әзірлеуді тапсырамын. Біздің басты міндетіміз – әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ету, миллиондаған ауылдық тұрғынның жалақысын көтеру, еңбек өнімділігін 2,5 есеге көбейту және АӨК тауарының экспортын 2 есеге көтеру, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда.

0
0
109

Жыл соңына дейін өнеркәсіп саясаты туралы бірізді заң әзірленеді

Жыл соңына дейін өнеркәсіп саясаты туралы бірізді заң әзірленеді - Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды міндет – өнеркәсіптік әлеуетімізді толық пайдалану. Осы саладағы табыстарымызға қарамастан, ішкі нарықтың зор мүмкіндіктерін әлі де болса, толыққанды жүзеге асыра алмай келеміз. Өңделген тауарлардың 3/1-не жуығы шетелден әкелінеді. Ұлттық экономиканың стратегиялық қуатын арттыру үшін тез арада өңдеу ісінің жаңа салаларын дамыту қажет. Өнеркәсіпке қолдау көрсетудің нақты шараларын да жетілдіру керек. Бізде жүйелі әрі біртұтас ұстаным жоқ. Соның салдарынан сансыз көп жобаға қаражатты ысырап етіп отырмыз, - деді Президент дәстүрлі Жолдауында

0
0
181

Президент жердің шетелдіктерге сатылмайтынын айтты.

Президент жердің шетелдіктерге сатылмайтынын айтты. - Келесі жылы ауылшаруашылығы мақсатындағы Жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексіне қатысты енгізілген мораторий күшін жояды. Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Бірақ, Үкімет ауылшаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін дайындауы тиіс, - деді Қ.Тоқаев

0
0
115

Президент мемлекеттік орган мен квазимемлекеттік секторды қысқарту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

Президент мемлекеттік орган мен квазимемлекеттік секторды қысқарту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. - Биыл оны 10 пайызға, келер жылы тағы 15 пайызға қысқарту керек. 2021 жылы мемлекеттік органды 25 пайызға қысқарту жоспарын орындаймыз. Қорытынды бойынша және цирфландыру нәтижелеріне сәйкес, одан әрі қысқарту бойынша шешім қабылдаймыз. Қысқарту есебінен қалған мемлекеттік органдардың жалақысын көтеруге жұмсалады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда

0
0
205

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа арнаған жолдауы

Бүгін Еліміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жолдады. Жолдауды теледидар арқылы толықтай тыңдадым. Президент еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтып өтті. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге бағытталған. Мемлекет басшысы агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы туралы өте жақсы сөз қозғады. Мемлекет басшысы Үкіметтің алдында экономиканың жоспарлы дамуын қамтамасыз ету, пандемия жағдайында және вирусқа қарсы кезеңде азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру міндеті тұрғанын атап өтті. Пандемия кезеңіндегі мемлекеттік басқару жүйесі әлемде туындайтын өткір факторларға неғұрлым ұтқыр және жедел жауап беруі керек. Мемлекеттік аппаратты қысқарту және кадр с…

0
0
426

Ұлт көшбасшыларына берілген үлкен мүмкіндік

Nur Otan партиясы ұлт тағдырын ойлаған, елге адал қызмет ететін көшбасшылардан құралған партия. Осы көшбасшылар басын біріктіретін үлкен бастама бастау алды. Бұл партияішілік сайлау, праймериз. Бұл праймеризге әрбір партия мүшесі қатысып өз бағын сынай алады. Праймериз- АҚШ саясаткерлерінен бастау алған, партия белсенділерін ашық таңдау тәсілі. Өзге елдердің тәжірибесінде өзін-өзі дәлелдеген және сынақтан өткен ең тиімді тәсіл. Праймериздің негізгі мақсаты партия ішілік сайлауда өндіріп іс жасайтын, ел алдына шығар көшбасшысын таңдау.Осындай мүмкіндікті пайдалану бізге де туып тұр. Жүрегі елім деп соғатын әрбір патриот Қазақстандықтың белсенділігін танытатын уақыты келді. Мен Nur Otan партиясының праймеризіне қатысамын. Замандастарымның мәселесін көтеріп, тиімді шешім қабылдауға өз үлесім…

0
0
171

Үлкен үдерістің алдында тұрмыз

Үлкен үдерістің алдында тұрмыз Дәуір талабы өзгеріс. Жаһанданудың жұтқыншағында жұтылып кетпеу үшін қай салада да прогресс керек. Даму, өркендеу, өрісті кеңейту арқылы көш басына шығу қажет. Замана көші күн санап ілгері кетіп барады. Біздің қоғамды ілгерілету үшін алымды, қарымды, білімді көшбасшылар тізгінді ұстауы тиіс. Nur Otan» партиясының ұйымдастырып жатқан партияішілік іріктеу механизмінің мақсаты - көшбасшыларды анықтау. . Әр Партия белсенділері Отан үшін жақсы істер атқарса- бізден мықты ел жоқ! Мен халқым үшін қашанда қызмет етуге дайынмын және елімнің игілігі үшін жасалып жатқан іс-шараларды толығымен қолдаймын. Праймериз көшбасышылары келешекте де елін қуанта берсін, еліміз тек бірлікте өмір сүріп, болашағымыз жарқын болсын. Тағы бір дәлел - осындай жаңарту іс-шараларының арқа…

0
0
242

Көш бастайтын боламын

Көш бастайтын боламын «Nur Otan» партиясының партияішілік праймеризі қоғам белсенділері үшін партия тізімінде болу ғана емес, өзекті мәселелерді шешу мақсатында қолдануға болатын керемет мүмкіндік. Үгіт-насихат жүргізу және кездесу ұйымдастыру барысында негізгі мәселелерді талқылап және оны шешу мүмкіндігі болады. «Мықты лидерлер – Мықты партия» қағидасын басшылыққа алып отырған праймериз заңды, әділ, ашық, адал да бәсекелік негізде өткізіліп, халықтың өзекті мәселелерін білетін және оларды шешуге қабілетті нағыз көшбасшыларды анықтайтын болады. Жалпы, праймериз өткізу қазіргі заманғы қазақстандық қоғамды үдемелі демократияландыру процесінің айғағы. Сондықтан мен праймеризге қатысамын. Т.Қанатқызы, Кеген аудандық "Жас Отан" ЖҚ-ның төрайымы, " Кеген ауданының жастар ресурстық орталығының ж…

0
0
201

Өзгерістерге үн қосамыз

Өзгерістерге үн қосамыз Елімізде мұндай іріктеу алғаш рет жүріп жатқаны белгілі. Праймериз елдің саяси, қоғамдық өміріне ерекше әсер етеді. Бұл дамыған мемлекеттер де бұрыннан бар тәжірибе. Мәселен, АҚШ-та 19 ғасырдан бері қолданылып келеді. Бұдан былай біз үшін де жаңалық емес екені қуантады. Елбасының жолдауында айтылған 30 дамыған мемлекеттің қатарына ену үшін де осындай өзгерістер қажет. Ұлтының мұратын жеке көзқарасынан бірінші орынға қойып, білімі мен білігін ел мүддесіне жұмсап жүрген азаматтарымыз жетерлік. Ендігі жерде мемлекеттік қызмет пен сайланбалы лауазымдарға сондай азаматтар көптеп баруы тиіс. Партияішілік іріктеу процедурасы соған тура жол ашып тұр. Бұл жаңашылдық, бір жағынан қарапайым қазақстандықтар мүддесін жетік қорғай алатын азаматты жаңылмай таңдауға ерік берсе, ек…

0
0
145