Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа арнаған жолдауы
Бүгін Еліміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жолдады. Жолдауды теледидар арқылы толықтай тыңдадым. Президент еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтып өтті. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге бағытталған. Мемлекет басшысы агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы туралы өте жақсы сөз қозғады. Мемлекет басшысы Үкіметтің алдында экономиканың жоспарлы дамуын қамтамасыз ету, пандемия жағдайында және вирусқа қарсы кезеңде азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру міндеті тұрғанын атап өтті. Пандемия кезеңіндегі мемлекеттік басқару жүйесі әлемде туындайтын өткір факторларға неғұрлым ұтқыр және жедел жауап беруі керек. Мемлекеттік аппаратты қысқарту және кадр саясатын жаңарту таяу жылдары тұтастай алғанда мемлекеттік жүйе жұмысының нәтижелеріне оң әсер етуі тиіс екендігін атап өтті. Сондай-ақ, ол пандемия кезіндегі үлкен жұмысы үшін дәрігерлерге, еріктілер мен бизнесмендерге алғысын білдірді. «Nur Otan» партиясы Кеген аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұқаев Алмас Нұртілеуұлы
