Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халыққа Жолдауы.

Президент жасаған Жолдау ерекше көңілімнен шықты себебі, аталған Жолдауда қарапайым халықтың әл-ауқатын арттыру, халыққа жасалатын жағымды, қамқорлық шаралары мен игі істер жөнінде айтылды. Жолдауда қозғалған ерекше мәселелердің бірі - еліміздегі медицина саласы жаңа реформаға өтуі қажет, сондықтан бұл салаға аса ерекше назар аударуды талап етіп отыр. Барлық мәселелерді ескере отырып, сала мамандарына үлкен материалдық қолдау көрсету қажеттілігіне бас назар аударуды, оның ішінде ауылдық елді мекендердегі медициналық пунктердің жағдайын жақсарту, сондай - ақ медицина инфрақұрылымын дамытуды қолға алу туралы да айтылды. 2025 жылға қарай дәрігерлердің еңбекақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе артық болатынын, сондай - ақ отандық фармацевтика саласын аяғынан тік тұрғызу керектігін, барлық дәрі - дәрмек пен медициналық бұйымдар Қазақстанда өндірілу тиіс екенін тапсырды. Жолдауда еліміздің ауыл - шаруашылығы саласына да ерекше назар аударған мемлекет басшысы сала мамандарының кәсіби деңгейін арттыруға аса мән беруді тілге тиек етті. Президент жолдауында ең өзекті мәселе жеріміздің шетелдіктерге сатылмайтынын, Үкімет ауыл - шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс - тәсілдерін әзірлеуі тиіс екені айтылды. 2021 жылдан бастап бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы жинақтың бір бөлігін баспана алуға, емделуге жұмсай алатыны туралы айтылды. Жолдауда 2021 жылы мемлекет қызметкерлерінің саны 25 пайызға қысқартылып, үнемделген қаржы қалған қызметкерлердің жалақысын көтеруге жұмсалатыны туралы да айтылды. Еліміздегі өнеркәсіптік әлеуетті толық пайдаланып, отандық тауарларды экспорттауды күшейтуді тапсырды.

Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушы - Жұмақан Гүлдана Айдосқызы

0
0
210

Осы тақырып бойынша

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халыққа Жолдауы. - Yvision.kz