Әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесті
"Nur Otan" партиясы Кентау қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде филиал төрағасының бірінші орынбасары С.Асылбеков қалалық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөліміндегі мүмкіндігі шектеулі балалардың үйіне барып қызмет көрсету бөлімшесінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында осы саладағы проблемалық мәселелері талқыланып, олардың шешілу жолдары қарастырылды. Аталған бөлімшеде қала бойынша 9 қызметкер 54 балаға қызмет көрсетеді. Бөлімше қызметкері О.Жорабекова мүмкіндігі шектеулі балалардың шаштарын алуда шаштараздарда кезексіз және ақысыз қызмет көрсетуге қолдауды ұсынды. Ұсыныс алдағы уақытта қаралатынын жеткізілді.
