Жетісай аудандық филиалының кезектен тыс VІІ конференциясы өтті.
«Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалының кезектен тыс VІІ конференциясы өтті. Конференция жұмысына партия филиалы төрағасы Бейсенбаев Жамантай Қанайұлы төрағалық етіп жүргізеді. Конференция жұмысына бастауыш партия ұйымдарынан сайланған 61 делегаттың 61 қатысты. Күн тәртібіне сай Конференцияда төрт мәселе қаралды «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасын бекіту туралы, Облыстық партиялық тізімге кандидаттарды бекіту және ұсыну туралы, Жетісай аудандық сайлау комиссиясына «Nur Otan» партиясынан ұсынылатын партиялық тізімді талқылау және бекіту туралы және «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХХ конференциясына делегаттар сайлау туралы мәселелер талқыланды. Конференция барысында облысқа үміткер 14 кандидаттың арасында жария пікір сайыс өтті, жиын соңында делегаттар өз таңдауын жасап 7 үміткер облысқа ұсынылды. Партиялық тізімді талқылқылай келе аудандық праймризде жоғары дауыс жинаған 42 үміткер аудандық партиялық кадрлық резервке алынды. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХХ конференциясына 9 делегат сайланды
