Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жетісай аудандық филиалы ауданымызда орналасқан спорт мектебінің тыныс тіршілігімен танысты.

«Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалы ауданымызда орналасқан спорт мектебінің тыныс тіршілігімен танысты. «Жетісай ауданының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2001жылы 27 тамызда алғашқы жұмысын бастаған. Спорт мектебі бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Ашылғалы бері көптеген спорт жаттықтырушылары аудан жастарын спортпен жаттықтырып, салауатты өмір салтына тәрбиелеп келеді. Спорт мектебі спорттың 6 түрінен:бокс, грек-рим, таэквондо, каратэ-до, футбол, қол күрес спорт түрлерінен ауданымыздың 870 ге жуық қала, кент, ауыл жастарын спортқа баулып келеді. Спорт мектебінің жетістіктеріне тоқталар болсақ, 2019 жылдың 12 айында алтын медальмен -272, күміс-343, және қоладан-373 жүлдені аудан жастары иеленген болатын. Спорт мектебінің меншігінде спортпен шұғылданатын жастарға барлық жағдай жасалған, заман талабына сай спорт залдары мен 2500 ге жуық көрерменді қамти алатын ашық аспан астындағы футбол алаңы орналасқан. Атап айтқанда өз ауданымыздың атын, облыс, республика және халықаралық дәрежедегі турнирлерде танытып келеді. Спорт мектебінің білікті бапкерлері алдағы уақытта мықты, талантты жастарды тәрбиелеп, толағай табыстарға жетеді деген сенімдеміз.

0
0
219

Осы тақырып бойынша

Жетісай аудандық филиалы ауданымызда орналасқан спорт мектебінің тыныс тіршілігімен танысты. - Yvision.kz