Президентіміздің жолдауын талқылады.
«Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалының Саяси кеңес мүшелері білім саласындағы қызметкерлермен Президентіміздің жолдауын талқылады.
«Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалының Саяси кеңес мүшелері білім саласындағы қызметкерлермен Президентіміздің жолдауын талқылады.
«Nur Otan» партиясы Жарма аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесі мүшелері мен «Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің аудандағы өкілі бірлесіп, Қапай Батыр ауылын сумен жабдықтау желілері құрылысы барысымен танысты. Жалпы құны 315 млн. теңгені құрайтын жоба арқылы 106 түтіні бар ауыл ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Мердігер «KAZFROFSTROY HOLDING» ЖШС бүгінде негізгі құрылыс жұмыстары мен жалпы ұзындығы 6,9 шақырымды құрайтын су желісін тарту жұмыстарын аяқтаған. Яғни, әрбір тұрғын үйлердің іргесіне дейін су желісі жеткізілген. Ендігі кезекте су мұнарасын орнату және су ұңғымаларына электр желілерін тарту жұмыстарын қолға алмақ. Жұмыс жоспарына сәйкес қараша айында нысанды қолданысқа беруді көздеп отыр. Қоғамдық ұй…
Сонымен қатар тұрғындар тарапынан түскен арыз шағымдар және әлеуметтік желіде партия парақшасын белгілеп кеткен мәселелер бойынша қарап шықты. Шағын аудандардың ішін абаттандыру, автокөлік пен жаяу жүргіншілер жолдарын салу және спорт алаңдары мен балалардың ойнау алаңдарының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Аталған жұмыстар 80-90%-ға аяқталды. Нысандарды аралау барысында бірнеше кемшіліктер анықталып, тиісті мекемелерге шұғыл түрде жөндеу бойынша тапсырма берілді.
Саяси кеңес мүшелері аудандық жас кәсіпкерлермен кездесті. Кездесу барысында мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қандай жеңілдіктер болып жатқандығы туралы айтылды.
Аталған отырыста өңірдегі коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелердің жұмысы, осы бағытта тұрғындардан түскен шағымдардың орындалысы, "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша атқарылып жатырған жұмыстар және тағы да басқа мәселелер қаралды.
«Nur Otan» партиясы Жарма аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі А.Нургожин 17 тамыз бен 3 қазан аралығында өткен «Nur Otan» партиясы бастауыш партия ұйымдарының жалпыреспубликалық ішкі партиялық сайлауына белсене қатысқан 40 үміткерді облыс әкімі Д.К.Ахметовтың атынан алғыс хаттармен марапаттады.
Бүгін облыстық партия ғимаратында партия қатарына белсенді жастар қабылданды. Партия қатарына қабылданған жастарға партия билеттерін облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Е.Әбілов тапсырды. Партия ардагері Е.Іңірбайұлы шараға қатысып, жастарға ақ жол тіледі.⠀«Бүгін халықаралық студенттер күні. Осы күні мен партия қатарына қабылданып жатырғаныма қуаныштымын. Жастық жігерімді елімнің өркендеуі жолында аянбай қызмет етуге дайынмын» дейді «Yessenov University» ІІ курс студенті Тілепі Атлант.⠀«Өңірді дамытуға өзімнің үлесімді қосуды әркез ойлап жүр едім. Бүгін сол мақсатта партия қатарына қабылдандым. Партиямен бірлесе жұмыс жасап, өз өңірімнің гүлденуіне үлес қосқым келеді» дейді партия қатарына қабылданған белсенді жас Бақтөреев Жанаман.⠀Партия қатарына қабылданған жастарға, жастар…
«Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Асауов «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында аудандық мүгедек жандармен онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында қазіргі таңда мемлекет тарапынан мүгедектерге беріліп жатқан көмектер сөз болды.
2020 жылғы 18 қараша күні "Nur Otan" партиясы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Б.Оспанованың аймақ шаруаларымен онлайн-кездесуі өтті.
Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, "Шығыс" шаруа қожалығының басшысы Ш.Осин, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары А. Санаубаев, партияның аумақтық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарларының қатысуымен өткен жиынға, Жаңаарқа ауданының шаруа қожалық басшылары Е.Түсіпов пен Н.Боранбаев қатысып, АӨК саласындағы өзекті мәселелер жөнінде сұрақтарына жауап алды.


