Мазмұнға өту

Жаңа

Дебатқа қатысушы үміткерлердің сайлауалды бағдарламалары таныстырылып, сұрақ-жауап бөлімі аяқталды.

Дәл қазіргі сәтте жиынға қатысушы делегаттар дауыс беру кабиналарына барып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің партиялық тізіміне қатысушы үміткерлерге өз дауыстарын беруде.

0
0
160

Бүгін «Абай оқулары» тақырыбында онлайн конкурс өткізіледі.

Қадірменді жерлестер.

Биыл қазақтың мақтанышына айналған халқымыздың ұлы перзенті, ақын, философ, ғұлама Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай аудан көлемінде «Абай оқулары» тақырыбында онлайн конкурс өткізіледі. Конкурсқа қатысушылар жасы шектелмейді.

Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа айтып, конкурсқа қатысуға шақырамыз. Роликтеріңізді мына парақшаға жолдасаңыздар болады.

Ұлы Абайдың 175 жылдығында Абайдың шығармаларын біздің елде кеңінен насихатталуы қажет.

Барлық ақпаратты мына тел нөмірінен білуге болады

7(702)901-76-51

0
0
213

Партиялық бақылау жүргізілді

«Nur Otan» партиясының Мұғалжар аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Қандыағаш қаласында салынынып жатқан құрылыс нысандарына партиялық мониторинг жүргізді. «Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласындағы Самал ш/а 10 кварталындағы жеке тұрғын үйлерге су желісі құрылысы» нысаны бойынша жалпы құрылыс сомасы – 285,0 млн.тг. Оның ішінде, 2020 жылы республикалық бюджеттен – 185,1 млн.тг, облыстық бюджеттен - 51,5 млн.тг қаражат бөлінді. Конкурс қорытындысы бойынша мердігер «Алтын Айдарлы» ЖШС болып белгіленді. Бүгінде, 165,2 млн.тг. қаражат игерілді. Нысанды толық пайдалануға тапсыру 2021 жылға жоспарлануда. «Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласындағы С.Сейфуллин көшісіне аллея құрылысы» нысаны бойынша жалпы құрылыс құны – 237,9 млн.тг. құрайды. О…

0
0
154

"Nur Otan" партиясы салынып жатқан "Жыңғылды-Шайыр-Шерқала" автокөлік жолының жұмысын көріп қайтты.

"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалы партияның "Құтты мекен" жобасы аясында, салынып жатқан "Жыңғылды-Шайыр-Шерқала" автокөлік жолдарының жұмысын көріп қайтты. Аталған құрылыс жұмыстары 2018 жылы басталды, Мердігері "Алтынқұрық" ЖШС-і. Қазіргі таңда 19 шақырым автокөлік жолына асфальт жабыны төселініп, пайдалануға берілсе, қалған 7 шақырым автокөлік жолының жер жұмыстары аяқталып, 3 шақырым автокөлік жолына сүргілеу (16 м тереңдікке) жұмыстары жүргізіліп жатыр.

0
0
167

"Шебір" бастауыш партия ұйымы "COVID 19" жөнінде отырыс өткізді

"Шебір" бастауыш партия ұйымы "COVID 19" жөнінде отырыс өткізіп, ауыл тұрғындарына карантин режимін сақтау жөнінде арнайы кеңес, мектептер мен медицина ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде айтылды.

0
0
156

«Бизнес бастау» жобасы бойынша Қызылорда жастарына кәсіптің қыр-сыры таныстырылды

Қызылорда қаласында орналасқан «Далатекс» компаниясының директоры Дінмұхаммед Абызовпен қаланың белсенді жастары кездесті. Кездесу барысында жастар тігіншілердің қызу тірлігіне шолу жасап, әртүрлі тапсырыстарды дайындау процесіне куә болды. Компания басшысы фабриканың қалыптасу кезеңі мен аталған кәсіп түріне келу тарихын баяндап, ғимарат ішіндегі тігін саласына қатысты шеберхана жетістігі бейнеленген көрмесін көрсетті.«Бүгінгі жастар түрлі бағытта білім алулары тиіс. Заман талабы солай. Бір саламен шектелмегені жөн. «Талаптыға нұр жауар» демекші, жеке кәсіпті ашып оны жүргізудің жолдарымен танысуға ниеттенген жастардың әрекеттеріне қуандым. Әсіресе, олардың отандық өнімге қолдау білдіргендеріне және тігін бағытына деген қызығушылықтары үшін алғыс білдіремін. Әркез жастар үшін білгенімді,…

0
0
275

Партияның кезектен тыс съезі

Ағымдағы жылдың 25 қарашасында партияның XX съезі өтеді

"Nur Otan" партиясының көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев 25 қарашада партияның кезектен тыс XX съезін өткізу туралы Қаулыға қол қойды.

Бұл туралы Twitter-де партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек хабарлады.

"Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылғы 25 қарашада Nur Otan партиясының кезектен тыс XX Съезін өткізу туралы Қаулыға қол қойды", - деп жазды Бауыржан Байбек.

0
0
151

#Кедергісізкелешек#ХалықаралықЗағиптаркүні

13 қараша – халықаралық зағиптар күні. БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1992 жылдан бері аталып өтетін бұл күннің олар үшін өзіндік орны бар. Тағдыр соқпағымен маңдайына жазылған қиындыққа мойымай, жігерлі қасиетімен алға қадам басқан олардың қоғамның толыққанды бір мүшесі екенін сезінуі өзіне қайрат қосары сөзсіз.

#Кедергісізкелешек

#ХалықаралықЗағиптаркүні

0
0
125