Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Бизнес бастау» жобасы бойынша Қызылорда жастарына кәсіптің қыр-сыры таныстырылды

Қызылорда қаласында орналасқан «Далатекс» компаниясының директоры Дінмұхаммед Абызовпен қаланың белсенді жастары кездесті. Кездесу барысында жастар тігіншілердің қызу тірлігіне шолу жасап, әртүрлі тапсырыстарды дайындау процесіне куә болды. Компания басшысы фабриканың қалыптасу кезеңі мен аталған кәсіп түріне келу тарихын баяндап, ғимарат ішіндегі тігін саласына қатысты шеберхана жетістігі бейнеленген көрмесін көрсетті.

«Бүгінгі жастар түрлі бағытта білім алулары тиіс. Заман талабы солай. Бір саламен шектелмегені жөн. «Талаптыға нұр жауар» демекші, жеке кәсіпті ашып оны жүргізудің жолдарымен танысуға ниеттенген жастардың әрекеттеріне қуандым. Әсіресе, олардың отандық өнімге қолдау білдіргендеріне және тігін бағытына деген қызығушылықтары үшін алғыс білдіремін. Әркез жастар үшін білгенімді, көргенімді және түйгенімді жеткізуге дайынмын, - деген «Далатекс» компаниясының директоры Дінмұхаммед Абызов бүгінде мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан қолдаулардың көптігі мен тиімділігін атап өтті.

Ал жастар қала бойынша ғана емес республикаға аты мәлім компанияның алдағы жоспары мен жұмысына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, аталмыш тігін орталығы қазақстандық нарыққа отандық өнімді шығарады. Фабрикада соңғы үлгідегі техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Арнайы шет елден алдырылған тігін машиналарымен 35-тен астам қыз-келіншектер жұмыспен қамтамасыз етілген.

0
0
247

Осы тақырып бойынша

«Бизнес бастау» жобасы бойынша Қызылорда жастарына кәсіптің қыр-сыры таныстырылды - Yvision.kz