Мазмұнға өту

Жаңа

Ауылшаруашылық өкілдерімен кездесті

Қалалық партия филиалының мүшелері ауылшаруашылық өкілдерімен кездесті. Кездесуде қала бойынша ауыл шаруашылық саласын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен бүгінге дейін атқарған жұмыстары айтылды.

Кездесу барысында еліміздегі Жер Кодексіне енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларға байланысты шаруа қожалықтарының ұсыныс пікірлерін тыңдалып, ауылшаруашылық бағыты бойынша айналысу жолдары, бос жұмыс орындарының мамандарын қайта оқыту, жер-су мәселесі бойынша сұрақтар көтерілді.

Мұндай кездесулердің салаға қатысты мәселелерді шешуде ықпалы болатындығы анық.

0
0
140

Мүгедектер әлеуметтік нысандарға кедергісіз кіруі керек.

Еліміздің Конституциясында мүгедектерге қоғаммен етене араласу үшін тең мүмкіндіктер жасаудың құқығы тайға таңба басқандай белгіленген. Ол туралы мемлекет басшысы өз Жолдауында да нықтап көрсеткен. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша көңіл бөлініп келеді.Олардың әлеуметтік жағдайын жасаудан бастап күнделікті қажеттерін өтеуі үшін көмек көрсетілуде.Мүгедектер әлеуметтік нысандарға кедергісіз кіруі керек. Олар да өзге адамдар секілді өмір сүруге құқылы. Өздеріне тән қажеттіліктері де бар. Осы орайда ауданымыздағы "Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалының бастауыш партия ұйымдары арасында партияның "Кедергісіз келешек" жобасы аясында "Ең жақсы қолжетімді нысан" байқауы ұйымдастырылған болатын. Байқау бойынша әр бастауыш партия мүмкіндігі шектеулі жандар үшін орнатылған…

0
0
112

Ауданның ауылшаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер жөнінде отырыс өткізді.

"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалы жанынан құрылған партиялық бақылау мүшелері, бұқаралық ақпарат қызметкерлерімен бірлесіп, ауданның ауылшаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер жөнінде отырыс өткізді. Отырыста шаруашылық жүргізудегі жиі кездесетін мәселелер, атап айтқанда, мал азығының қымбаттауы, жайылымдардағы су көздерінің тапшылығы қолайсыздық келтіруі жөнінде сөз қозғалды.

0
0
165

«Ынтымақ, бірлік, келісім - ең басты байлық ел үшін» тақырыбында өзге ұлт өкілдерімен кездесу өтті

Қаламыздағы Этностар арасындағы келісім мен татулықты нығайту ісі - әрбір партия алдында тұрған ең маңызды міндеттердің бірі.

Осы орайда «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалында «Ынтымақ, бірлік, келісім - ең басты байлық ел үшін» атты тақырыбында өзге ұлт өкілдерімен дөнгелек стол басында кездесу өтті.

Кездесуде қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әкбарұлы қазіргі уақыттағы ең басты мәселе ұлтаралық келісім мен халықтар достығы екенін тілге тиек етті. Сөз бен істің үйлесімділігі бар жерде береке орнайтыны айтылды. Басқосуда ұлтаралық татулықтың қадірін бағалай білу бақытқа бастайтыны, сол үшін өзара түсіністік пен халықтар бірлігін нығайтудың мән-маңызы айрықша екені баяндалды. Жиын барысында этномәдени бірлестіктердің өкілдері де өз ойларын ортаға салды.

0
0
308

Ер есімі - ел есінде

Ер есімі - ел есіндеБегенов Мәди Қайпыұлы (1916, қазіргі Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылы-1.10.1943, Украина, Запорожье қ.) - екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сержант, бөлімше командирі. Қазақ. Кеңес әскері қатарына 1938 ж. шақырылған. 1942 ж. желтоқсанда майданға жіберіліп, 619-полктің (З-Украина майданы, 12-армия, 203-атқыштар дивизиясы) құрамында ұрыстарға қатысты. 1943 жылдың 25 қазанында Новый Кичкас (қазіргі Запорожье қ.) маңында Днепр өзенінен өту кезінде ерлік көрсетті. Бегенов жау пулеметінің атыс нүктесі орналасқан жерді анықтап, артиллерия оғымен атқылады. Содан кейін оның бөлімшесі жаудың траншеясына бірінші болып жетіп, қолма-қол шайқаста бірнеше гитлершіні жойды. Бегенов екінші траншеяны басып алу үшін жауынгерлермен шабуылға шықты. Нә…

1
0
241

"Nur Otan" партиясы жанынан құрылған Jas Otan ЖҚ-ның жиыны өтті.

"Nur Otan" партиясы мәжіліс залында "Елім менің Қазақстан" ациясы қаясында Jas Otan ЖҚ-ның мүшелерімен кездесу өтті. Кездесу барысында аудандық Jas Otan ЖҚ төрағасы партияның мақсаттары мен міндеттерін түсіндіріп кетті

0
0
157

Ақ халатты абзал жанмен кездесу

Ақ халатты абзал жанмен кездесуБүгін ауданымызға белгілі дәрігер Мақсат Құрамшиннің қатысуымен онлайн режимінде аудан тұрғындарымен кездесу өткізілді. Дәрігер деген кең ұғым, қастерлі мамандық. Бұл мамандық иелерінің жауапкершілігі де мол, атқаратын жұмыстары да ауқымды. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін осынау маңызды салаға бүкіл өмірін арнап келе жатқан абзал жандар қаншама. Солардың бірі - ауданымызға белгілі оташы - Мақсат Құрамшин. Өз ісінің нағыз маманы, үлкен жүрегі және адал қызметі үшін елі оны үнемі елеп-ескеріп, бірнеше рет Маңғыстау облысының, аудандық "Құрмет грамотасымен" марапатталып, "Жыл дәрігері" атағына ие болды. 1988-1996 арасында Алматы мемлекеттік медицина институтын "Емдеу ісі" факультеті бойынша бітіріп, 1997 жылдары аудандық ауруханада оташы және оташы бөлімінің ме…

0
0
449