"Nur Otan" партиясы салынып жатқан "Жыңғылды-Шайыр-Шерқала" автокөлік жолының жұмысын көріп қайтты.
"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалы партияның "Құтты мекен" жобасы аясында, салынып жатқан "Жыңғылды-Шайыр-Шерқала" автокөлік жолдарының жұмысын көріп қайтты. Аталған құрылыс жұмыстары 2018 жылы басталды, Мердігері "Алтынқұрық" ЖШС-і. Қазіргі таңда 19 шақырым автокөлік жолына асфальт жабыны төселініп, пайдалануға берілсе, қалған 7 шақырым автокөлік жолының жер жұмыстары аяқталып, 3 шақырым автокөлік жолына сүргілеу (16 м тереңдікке) жұмыстары жүргізіліп жатыр.
