Партиялық бақылау жүргізілді
«Nur Otan» партиясының Мұғалжар аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Қандыағаш қаласында салынынып жатқан құрылыс нысандарына партиялық мониторинг жүргізді. «Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласындағы Самал ш/а 10 кварталындағы жеке тұрғын үйлерге су желісі құрылысы» нысаны бойынша жалпы құрылыс сомасы – 285,0 млн.тг. Оның ішінде, 2020 жылы республикалық бюджеттен – 185,1 млн.тг, облыстық бюджеттен - 51,5 млн.тг қаражат бөлінді. Конкурс қорытындысы бойынша мердігер «Алтын Айдарлы» ЖШС болып белгіленді. Бүгінде, 165,2 млн.тг. қаражат игерілді. Нысанды толық пайдалануға тапсыру 2021 жылға жоспарлануда. «Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласындағы С.Сейфуллин көшісіне аллея құрылысы» нысаны бойынша жалпы құрылыс құны – 237,9 млн.тг. құрайды. Оның ішінде, 2019 жылы аудандық бюджеттен – 95,8 млн.тг., және 2020 жылы – 10,0 млн.тг. қаражат бөлінді. Конкурс қорытындысы бойынша мердігер «Ғимарат+1» ЖШС болып белгіленді. Нысан бойынша бөлінген қаражат толық игеріліп, толық пайдалануға тапсыру 2021 жылға жоспарлануда.

