Мазмұнға өту

Жаңа

Бүгін яғни қарашаның жиырма бесі күні

төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов Балпық ауылы, "Заңғар" ЖШС- нің ұжымымен кездесіп қайтты. Аталған шаруашылық жүгері егумен айналысады. 60 га суармалы жерді игеріп отыр. Сонымен қатар 5 адамды жұмыспен қамтуда. Жеке шаруашылықта техника жеткілікті. Жекеменшік техникамен қамтамасыз етіліп отырған шаруашылық алдағы уақытта нәтижелі жұмыстарды көрсетеміз деп отыр. Мәлік Аманбайұлы шаруашылықтың жұмыс барысымен толықтай танысып, еңбеккерлерге сәттілік тіледі.

0
0
168

Жаңадан кәсіп көзін ашпақшы болған аудан тұрғындарымен кездесу өткізілді

Бүгін 25 қараша күні "Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында несиемен қамтамасыз ету бағытында жаңадан кәсіп көзін ашпақшы болған аудан тұрғындарымен кездесу өткізілді. Бұл кездесуге "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлік палатасының Сырым ауданы бойынша филиалының директоры А.Бисенғалиев, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Б.Бақытжанова қатысып, тұрғындардың тарапынан қойылған кәсіпкерлікті ашуға бағытталған көптеген сұрақтарға өз жауаптарын берді. Бүгінгі таңда осы мекемелер арқылы өз несиелерін алып кәсіптерін ашқан ауыл тұрғындары алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.

0
0
122

Жастар кездесуі

партия филиалдары төрағасының бірінші орынбасарларымен өткен праймериздерді, "Жастар-Отанға!" 2025 жылға дейін өңірлік және аумақтық жол карталарын әзірлеу тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов және ауданның "Жастар орталығы" жетекшісі Қуаныш Дүйсембаев пен аудан жастары қатысты. Жиын барысында Мәлік Аманбайұлы партияның «Жастар – Отанға» жобасын кеңінен түсіндіріп, алдағы уақытта аудандық «Жастар ресурстық орталығымен» бірге жұмыстар атқарылатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, Президенттің Жолдауларындағы жастарға ерекше көңіл бөлініп жатқандығын айтып, аянбай еңбек етуге шақырды. Сонымен қатар ішкі іріктеу жөнінде де біраз әңгімелер айтылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

0
0
146

Елбасының ерең-еңбегі.

Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың ажырамас бөлігі бола отырып, өз дамуының жаңа кезеңіне қадам басты.

Тәуелсіздіктің туын тігіп, Мемлекет ретінде орнықты даму жолына түсірген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі зор.

Бүгін «Елбасының игі ісі» тақырыбында жастармен кездесу өткізген Сайлаубаев Руслан Бақытұлы Қазақстанның даму жолына Елбасының қосқан қомақты үлесі жөнінде әнгіме қылды.

0
0
129

«Менің балам мен үшін»

Отбасылық психологтар мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына арналған психологиялық кеңес беру кездесуін өткізді. «Менің балам мен үшін» атты онлайн жиында отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Тікелей эфирді өткізген психолог Эльмира Такеновна Абиева ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, бала психологиясының қыр-сыры жайлы әңгімеледі.

0
0
168

Өзекті мәселелерді талқылау бойынша аудан тұрғындарымен кездесу

Бүгін "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Оразов өзекті мәселелерді талқылау бойынша аудан тұрғындарымен кездесті. Тұрғындар тарапынан негізінен жұмыспен қамту, тұрғын үй және елді-мекендерді абаттандыру мәселелері көтерілді. Кездесу барысында көтерілген мәселелер тиісті органдарға жеткізіліп, бақылауға алынатын болады.

0
0
118

Дебаты среди молодежи в онлайн формате на тему «Қазахстанның болашағы – қазақ тілінде»

Сегодня прошли дебаты среди молодежи в онлайн формате на тему «Қазахстанның болашағы – қазақ тілінде» в рамках партийного проекта «Жастар Отанға».Государственный язык - один из главных символов нашего суверенного государства и атрибутов нашей государственности. В нашей Конституции говорится, что «государственным языком Республики Казахстан является казахский язык».Язык - национальное достояние, душа нации. Казахский язык - это не только язык казахского народа, государственный язык - это наш общий язык. Язык граждан, проживающих в Казахстане, считающих его своей родиной, считающих себя патриотами Казахстана. Как сказал Президент, «будущее Казахстана за казахским языком». Давайте уважать наш язык так же, как уважаем нашу нацию и семью! Каждый, кто считает себя гражданином Казахстана, должен…

0
0
156

«Азаматтардың мүдделерін қорғауға арналған әділ мемлекет»

Бүгін қалалық мәслихат депутаттары және стратегиялық кәсіпорын қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын іске асыру бойынша кездесу өткізді. Жиынға Шымкент қаласы бойынша Азаматтарға арналған үкімет филиалының қызметкерлері де қатысып, «Азаматтардың мүдделерін қорғауға арналған әділ мемлекет» тақырыбы талқыланды.Шара барысында цифрландыру негізінде азаматтарға қолайлы жағдай туғызу мәселелері қаралды. Қазір мемлекеттік 694 қызмет түрі болса, оның 608 электронды үкімет порталы арқылы қол жетімді. Сонымен қатар былтырдың 10 айы бойынша ХҚКО арқылы 456 597 электронды қызмет алынса, биылғы 10 айда 10321 қызмет алынған. Яғни көрсеткіш 97%-ға кеміген. Бұл қызмет алушылардың ХҚКО-ға келмей аталған қызмет түрлерін өз бетінше, онлайн түрде алуына бар қолайлы жағдай жасалғанын біл…

0
0
109