Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің отырысы
Қарағанды облыстық филиалы жанындағы Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Мейіржан Сыздықов кеңес мүшелерімен бірлесіп «Nur Otan» партиясының Жол картасында көрсетілген пункттердің орындалу барысын тыңдады.Аймақтық кеңес отырысында Қарағанды облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары Жүнісова Гүлбақыт Серікжановна партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасында көрсетілген «Білім сапасын жақсарту» бағыты бойынша облыста атқарылған жұмыстар туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. Сайлауалды бағдарламаға сәйкес биылғы жылы білім саласы бойынша бірнеше пункттер жүзеге асты. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша 107 мың бала қамтылды…