Nur Otan партиясының ХХ съезі






Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамнан тыс қалмауына соңғы уақытта мемлекет тарапынан жіті көңіл бөлінуде. Дегенмен, бұл жандарды түсіну, әлеуметтік жардемақыларын уақытылы төлеумен ғана байланысты емес. Ең бастысы олар да өздерін қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезінулері . Сол үшін бүгінде осы азаматтарды үйме үй аралап, отбасы жағдайларымен танысып, консультациялық жұмыстар жүргізілуде.Бүгін, Шымкент қаласы және Түркістан облысы Әйелдер кеңесі қоғамдық бірлестігінің төраймы Баян Айтбекқызы Жандосова Шымкент қаласындағы отбасылық жағдайы қиын және мүмкіндігі шектеулі балалар,ата-аналардың үйлеріне барып консультациялық кездесуі өткізді. Іс-шара «Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау» мәселелері жөніндегі кеңестің мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз ортаны қамтамас…
Жиында «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында мәселелер қаралды.

«Әлемдік тұрақсыздықтың басты қатері – жұмыс¬сыздықтың өсуі. Елде жүзеге асырылып жатқан мем¬лекеттік те, салалық та – барлық бағдарламалар, тек әлдебір бөліктері емес, барлығы нақты жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуі тиіс, – деп Елбасының халыққа жолдаған, қоғамдық маңызы айқындалған құнды құжатында айтылған болатын. Осы орайда «Жұмыспен қамту жол картасы» елдегі жұмыссыздық мәселесінің бәсендеуіне ықпал етіп келеді. Айталық, Шымкент қаласының өзінде жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 4 440 азаматты жұмыспен қамту жоспарланған болса, биылғы жылдың 10 айына дейін нақты 4663 азамат (102,0%) жұмысқа тартылып, жоспар артығымен орындалған.
Партияның бағдарламасының жобасында нақты қаржымен бекітілген 258 нақты шара бар (21 трлн теңге).Бағдарлама Президент Қ. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының қисынды жалғасы болып табылады.Бағдарламаның бастапқы жобасына Мемлекет басшысының 2020 жылғы Жолдауының 55 тапсырмасы қосымша енгізілді.«5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 145 бөлімінің 87-сі бағдарламада көрсетілген. Тапсырмалардың бір бөлігі нақтыланды және нақты индикаторларға ауыстырылды.Бағдарлама жобасына Мемлекет басшысының Жолдауынан бизнесті қорғау, ауыл әкімдерін сайлау, бюджет саясаты, балалар құқығын қорғау, сот және құқық қорғау жүйесін реформалау, денсаулық сақтау бөлімдері кірді.ҰҚСК отырысында қаралатын мәселелердің ішінде бағдарламаға әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту, білім…
Мәжіліс сайлауына «Nur Otan»-ның партиялық тізімі бекітілдіПартиялық тізім 126 кандидаттан тұрады. Олардың ішінде 77 кандидат партияішілік праймериз қорытындысы, ал 49 адам орталық партиялық квота бойынша анықталды.Кандидаттардың жалпы тізімінде Парламент Мәжілісінің қызметтегі депутаттары 20%-тен аспайды, мемлекеттік басқару саласының өкілдері - 13%, білім және денсаулық сақтау саласы – 12%, үкіметтік емес ұйымдар – 9% және өнеркәсіп – 8% болды.Сондай-ақ, экономистер – 28%, заңгерлер – 20%, кәсіпкерлер – 17%.Ал 21 үміткердің ғылыми дәрежесі бар, оның ішінде 10-ы – ғылым докторы, 11-і – ғылым кандидаты.Тізімнің үштен бірі – әйелдер. Кандидаттардың орташа жасы бұрынғы партиялық тізімдермен салыстырғанда 4 жылға төмендеп, 48 жас болды.Еске сала кетейік, «Nur Otan» партиясының праймеризіне 1…
Қазақ опера өнерінің ақтаңгері,актер, режиссер, педагог, Қазақ ұлтық театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі Құрманбек Жандарбековтың 115-жылдығына орай атаулы іс-шара өтті.Құрманбек Жандарбеков бұрынғы Сырдария облысы Сайрам ауданында 1905 жылдың 7 қаңтарында дүниеге келген. 1918 жылы Ташкент педагогика училищесінде оқи жүріп ән өнеріне әуестігі оянады. Сол кездері танымалы «Шығыс кештері» деп аталатын үйірмеге қатысып 15 жасар Құрманбек өзінің ерекше дарынымен, сарынды даусымен көзге түседі. 1925 жылы Қызылордада ашылған тұңғыш кәсіби қазақ драма театрына шақырту алып, кейінде сол жерде басшылық қызмет атқарады. Өзінің саналы ғұмырында опера өнерінің шыңына жетіп, Қазақ мемлекеттік драма театрында режиссерлік еткен, кино саласында көптеген айтулы картиналарғ…
Жиынға мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары онлайн форматта қосылды. Аталмыш тақырыпта З.Н.Усупахметов инклюзивті білім беру бойынша түсінік беріп отырды.Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Яғни, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен қатар оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр.Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Бұл бағыт балаларды білім алуда жетістікке жетуіне ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады. Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» жобасы барл…
Бүгін аудандық филиал ғимаратында аудандық маслихат депутаты Назым Құрмышева аудан тұрғындарын қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындарға түсінік жұмыстары жүргізілді
ZOOM платформасы арқылы өткен кездесуде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға сапалы медициналық қызмет көрсету мәселесі талқыланды. Іс-шараға белсенді партия мүшелері және мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатысты.Жиында мәлім болғандай, 2020 жылдың 9 айына Төлеби ауданы бойынша жалпы 5195 мүмкіндігі шектеулі жандардың саны тіркеліп, оның ішінде I-топ 373, II-2081, III-топ 2041 азаматты құрайды, сонымен бірге 16 жасқа дейінгі 700 мүмкіндігі шектеулі балалар анықталған.Атап айтқанда, кедергісіз кіріп-шығу, дәрі-дәрмектер және арнайы арбалармен қамтасыз етілу, емдеу-сауықтыру орталықтарына орын беру, сондай-ақ, медициналық көмектің сапасын көтеру оң жолға қойылғанын жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы Ә.Дүйсенбеков атап өтті. Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүддесін қорғауды мемле…
Бүгін «Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалы шет мемлекеттерден елге оралған қандастардың басын қосып, «Қазақстан менің туған Атамекенім» атты жиын өткізді.Қандастарымыздың айтуынша шетте жүріп Атамекен деген ұғымның қадір-қасиетін терең ұғынасың, ал елге келіп құт мекеніңді өзгелерден өзгешелеу сүйе бастайсың. Қазақстанның даңқын әлемге асқақтатқан Мұстафа Өзтүрік, Қанат Ислам, Майра Мұхамедқызы сынды қандастарымыздың отан сүйгіштігі осыған айқын дәлел.Расында, бәріміздің ата қоныс, отанымыз бір, ол – Қазақстан. Шетте жүріп туған жерін аңсап, көмейін сағыныш кернеген қаншама қазақтың айтатыны тек осы. Репрессия мен аштықтың кезінде жер ауып амалсыздықтан көшіп кеткен қандас бауырларымызды елге қайтару жайлы Елбасының шешімі шыққан бойда Атамекенін аңсаған миллиондаған қазақ туған ж…