Өзекті мәселелерді талқылау бойынша аудан тұрғындарымен кездесу
Бүгін "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Оразов өзекті мәселелерді талқылау бойынша аудан тұрғындарымен кездесті. Тұрғындар тарапынан негізінен жұмыспен қамту, тұрғын үй және елді-мекендерді абаттандыру мәселелері көтерілді. Кездесу барысында көтерілген мәселелер тиісті органдарға жеткізіліп, бақылауға алынатын болады.
