Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жастар кездесуі

партия филиалдары төрағасының бірінші орынбасарларымен өткен праймериздерді, "Жастар-Отанға!" 2025 жылға дейін өңірлік және аумақтық жол карталарын әзірлеу тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов және ауданның "Жастар орталығы" жетекшісі Қуаныш Дүйсембаев пен аудан жастары қатысты. Жиын барысында Мәлік Аманбайұлы партияның «Жастар – Отанға» жобасын кеңінен түсіндіріп, алдағы уақытта аудандық «Жастар ресурстық орталығымен» бірге жұмыстар атқарылатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, Президенттің Жолдауларындағы жастарға ерекше көңіл бөлініп жатқандығын айтып, аянбай еңбек етуге шақырды. Сонымен қатар ішкі іріктеу жөнінде де біраз әңгімелер айтылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

0
0
123

Осы тақырып бойынша

Жастар кездесуі - Yvision.kz