«Азаматтардың мүдделерін қорғауға арналған әділ мемлекет»
Бүгін қалалық мәслихат депутаттары және стратегиялық кәсіпорын қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын іске асыру бойынша кездесу өткізді. Жиынға Шымкент қаласы бойынша Азаматтарға арналған үкімет филиалының қызметкерлері де қатысып, «Азаматтардың мүдделерін қорғауға арналған әділ мемлекет» тақырыбы талқыланды.
Шара барысында цифрландыру негізінде азаматтарға қолайлы жағдай туғызу мәселелері қаралды. Қазір мемлекеттік 694 қызмет түрі болса, оның 608 электронды үкімет порталы арқылы қол жетімді. Сонымен қатар былтырдың 10 айы бойынша ХҚКО арқылы 456 597 электронды қызмет алынса, биылғы 10 айда 10321 қызмет алынған. Яғни көрсеткіш 97%-ға кеміген. Бұл қызмет алушылардың ХҚКО-ға келмей аталған қызмет түрлерін өз бетінше, онлайн түрде алуына бар қолайлы жағдай жасалғанын білдіреді.
