Мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесті
ZOOM платформасы арқылы өткен кездесуде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға сапалы медициналық қызмет көрсету мәселесі талқыланды. Іс-шараға белсенді партия мүшелері және мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатысты.

Жиында мәлім болғандай, 2020 жылдың 9 айына Төлеби ауданы бойынша жалпы 5195 мүмкіндігі шектеулі жандардың саны тіркеліп, оның ішінде I-топ 373, II-2081, III-топ 2041 азаматты құрайды, сонымен бірге 16 жасқа дейінгі 700 мүмкіндігі шектеулі балалар анықталған.
Атап айтқанда, кедергісіз кіріп-шығу, дәрі-дәрмектер және арнайы арбалармен қамтасыз етілу, емдеу-сауықтыру орталықтарына орын беру, сондай-ақ, медициналық көмектің сапасын көтеру оң жолға қойылғанын жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы Ә.Дүйсенбеков атап өтті.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүддесін қорғауды мемлекет басшысының өзі басты назарға алғаны белгілі. Осыған байланысты «Nur Otan» партиясы «Кедергісіз келешек» жобасы аясында бірқатар жұмыстар атқарып келеді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық оңтайлы жағдай жасалуы — қашанда партия назарында.
