«Қазақстан менің туған Атамекенім»
Бүгін «Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалы шет мемлекеттерден елге оралған қандастардың басын қосып, «Қазақстан менің туған Атамекенім» атты жиын өткізді.
Қандастарымыздың айтуынша шетте жүріп Атамекен деген ұғымның қадір-қасиетін терең ұғынасың, ал елге келіп құт мекеніңді өзгелерден өзгешелеу сүйе бастайсың. Қазақстанның даңқын әлемге асқақтатқан Мұстафа Өзтүрік, Қанат Ислам, Майра Мұхамедқызы сынды қандастарымыздың отан сүйгіштігі осыған айқын дәлел.
Расында, бәріміздің ата қоныс, отанымыз бір, ол – Қазақстан. Шетте жүріп туған жерін аңсап, көмейін сағыныш кернеген қаншама қазақтың айтатыны тек осы. Репрессия мен аштықтың кезінде жер ауып амалсыздықтан көшіп кеткен қандас бауырларымызды елге қайтару жайлы Елбасының шешімі шыққан бойда Атамекенін аңсаған миллиондаған қазақ туған жерге қоныс аударған.
