Қазақ опера өнерінің ақтаңгері - Құрманбек
Қазақ опера өнерінің ақтаңгері,актер, режиссер, педагог, Қазақ ұлтық театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі Құрманбек Жандарбековтың 115-жылдығына орай атаулы іс-шара өтті.
Құрманбек Жандарбеков бұрынғы Сырдария облысы Сайрам ауданында 1905 жылдың 7 қаңтарында дүниеге келген. 1918 жылы Ташкент педагогика училищесінде оқи жүріп ән өнеріне әуестігі оянады. Сол кездері танымалы «Шығыс кештері» деп аталатын үйірмеге қатысып 15 жасар Құрманбек өзінің ерекше дарынымен, сарынды даусымен көзге түседі. 1925 жылы Қызылордада ашылған тұңғыш кәсіби қазақ драма театрына шақырту алып, кейінде сол жерде басшылық қызмет атқарады. Өзінің саналы ғұмырында опера өнерінің шыңына жетіп, Қазақ мемлекеттік драма театрында режиссерлік еткен, кино саласында көптеген айтулы картиналарға түседі. Өнері бағаланып Қызыл ту, Ленин, Құрмет ордендерімен марапатталып, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанады. 1961 жылдан өмірінің соңына дейін Құрманғазы атындағы өнер институтында ұстаздық қызмет атқарады.
