«Кедергісіз келешек»
Жиынға мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары онлайн форматта қосылды. Аталмыш тақырыпта З.Н.Усупахметов инклюзивті білім беру бойынша түсінік беріп отырды.
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Яғни, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен қатар оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Бұл бағыт балаларды білім алуда жетістікке жетуіне ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады. Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» жобасы барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.
