Мүмкіндігі шектеулі адамдарға соңғы уақытта мемлекет тарапынан жіті көңіл бөлінуде
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамнан тыс қалмауына соңғы уақытта мемлекет тарапынан жіті көңіл бөлінуде. Дегенмен, бұл жандарды түсіну, әлеуметтік жардемақыларын уақытылы төлеумен ғана байланысты емес. Ең бастысы олар да өздерін қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезінулері . Сол үшін бүгінде осы азаматтарды үйме үй аралап, отбасы жағдайларымен танысып, консультациялық жұмыстар жүргізілуде.
Бүгін, Шымкент қаласы және Түркістан облысы Әйелдер кеңесі қоғамдық бірлестігінің төраймы Баян Айтбекқызы Жандосова Шымкент қаласындағы отбасылық жағдайы қиын және мүмкіндігі шектеулі балалар,ата-аналардың үйлеріне барып консультациялық кездесуі өткізді. Іс-шара «Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау» мәселелері жөніндегі кеңестің мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз ортаны қамтамасыз ету жөніндегі рейдттік мониторинг аясында өтті. Кездесу масқаты – ортамызда жүрген жандарға қол ұшын беріп, белсенді өмірге тарту, бір мақсат, бір мүдде, бір болашаққа ұмтылу. Ең бастысы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қоғамдық ортамызды кедергісіз аймаққа сізбен біз болып айналдыру
