Мазмұнға өту

Жаңа

Партиялық бақылау комиссиясының кезектен тыс отырысы zoom арқылы өтті.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Атырау қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының кезектен тыс отырысы zoom арқылы өтті. Комиссия отырысының күн тәртібінде тұрмыстық коммуналдық шаруашылықтың электрмен қамту, жылумен қамту, сумен қамту және су шығару жүйелерінің тозуы туралы мәселелер қаралды. Отырыс барысында отырысында күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қамтылып, партиялық бақылау комиссия тарапынан түскен ұсыныстар қаулыға енгізілді.

0
0
133

Мақсат — партияның жұмысын жақсарту

«Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылау бойынша жиын өтті. Оған партияның бастауыш партия үйымы төрағалары, ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысып, тақырып төңірігенде ойларын ортаға салды. — Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Қазір әлем соңғы 100 жыл ішінде болмаған аса күрделі дағдарысты бастан өткеруде. Сарапшылардың айтуынша, жаһандық экономиканы қайта қалпына келтіру үшін кемінде 5 жылға дейін уақыт қажет. Дей тұрғанмен, болашақта көш бастайтын мемлекеттердің бәсекеге түсу қабілеті дәл осындай дағдарыстар мен іргелі өзгерістер кезінде шыңдалады», — деген болатын. Қазақ елі қилы кезеңдерді басынан өткерді. Соған қарамастан…

0
0
161

Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев

халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған төрт басымдықты анықтап берген болатын. Соның бірі – әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдауды көздеген «Бақытты отбасы» жобасы. Бұл бастама тікелей көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жүйелі қолдау көрсетуге бағытталған. Жоба қазірдің өзінде жүзеге асып, көптеген отбасының бақытын еселеп үлгерді. Осы орайда бүгін «Nur Otan» партиясының ұйымдастыруымен Айнабұлақ окургінің әкімі Мәулен Бәзілов Айнабұлақ ауылының көпбалалы аналардың үйлеріне барып, қал-жағдайларын біліп қысқа дайындығын, онлайн режимде қалай білім аплып жатқанын және санитарлық жағдайға байланысты өзін-өзі сақтандыруға гигиеналық тәртіпті сақтауды ескертті.

0
0
164

«Құтты мекен» партиялық жобасы бойынша

2020 жылдың 25 қарашасында «Құтты мекен» партиялық жобасы аясында Күршім ауданының Қалжыр ауылындағы су құбыры желілерінің құрылыс жобалары бойынша мердігер «СМУ ШЫҒЫС» өкілінің қатысуымен құрылыс жұмыстарының барысы қаралды.

Құрылыс жұмыстарының 90 пайызынан астамы атқарылған. Мердігер құрылысты 2020 жылдың 16 желтоқсанына дейін аяқтаймын деп серт берді.

Қалжыр ауылының көше жолдарын асфальттау жұмыстары толығымен аяқталған.

0
0
122

«Құтты мекен» партиялық жобасы бойынша

2020 жылдың 24 қарашасында «Құтты мекен» партиялық жобасы аясында Күршім ауданының Марқакөл ауылында жөнделіп жатқан нысандарға «Nur Otan» партиясы Куршім аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Қалелов рейд жүргізді. Марқакөл ауылындағы салынған балалар ойнайтын ойын алаңдарын, Марқакөл ауылына орнатылып жатқан қоршаулардың жұмыс сапасы тексерілді.Марқакөл мәдениет үйінің ағымдағы жөндеудің сапасы мердігерлердің қатысуымен қаралып, мерзімінде аяқтау үшін ұсыныстар берілді. Мәдениет үйінің жөндеуін 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне дейін аяқтауды тапсырды.Сонымен қатар мердігердің қатысуымен Марқакөл ауылындағы ауруханадағы жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізілді. Тексеру барысындағы кемшіліктерді қалпына келтіру мердігерге тапсырылып, жұмыстарды мерзімінде аяқтау ұсынылды. М…

0
0
187

Аудандық мәслихат депутаты И.П.Классен Ханкөл ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді.

Аудандық мәслихат депутаты И.П.Классен Ханкөл ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындарды «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, жұмыспен қамту мәселелері бойынша ауыл тұрғындарымен пікірлесті. Сонымен қатар, аудандық мәслихат депутаты ауыл тұрғындары тарапынан ауыл тіршілігіне қатысты қойылған сауалдарға жауап беріп, алдағы жылы атқарылар жұмыстар бағытында ой бөлісті.

0
0
169

Саяси кеңес мүшелері аудандық денсаулық сақтау саласы өкілдерімен кездесу өткізді

Саяси кеңес мүшелері Н.Оразов, А. Мухамбеткалиева денсаулық сақтау саласы мәселелері бойынша аудандық денсаулық сақтау саласы өкілдерімен кездесу өткізді. Дәрігерлермен болған кездесу барысында қазіргі кездегі жағдайға байланысты атқарылып жатқан жұмыстардағы сала қызметкерлерінің еңбектері, қызмет барысындағы түйткілді мәселелер және мемлекет тарапынан дәрігерлерге көрсетілетін қолдаулар бойынша әңгімелесілді. Аудан көлемінде әлеуметтік –экономикалық бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар бойынша қойылған сұрақтарға жауап берілді.

0
0
150

«Қоскөл» БПҰ өкілдерімен «Аумақтарды дамыту» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды.

«Қоскөл» бастауыш партия ұйымының өкілдерімен «Аумақтарды дамыту» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды. 2016-2020 жылдарға арналған Қаратөбе ауданының аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша 2019 жылы республикалық бюджеттен 498,7 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 84,4 млн. теңге және басқа қаржы көздерінен 210,0 млн. теңге барлығы 792,7 млн. теңге оның бөлініп, толықтай игерілген. Бағдарлама аясында 5 бағыт бойынша 12 мақсат пен 31 нысаналы индекаторлардың орындалуына қол жеткізілген.

0
0
190